Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының еншілес ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығын табысты аяқтап, сандық және сапалық көрсеткіштері жақсарып, межесінен асыра орындалған.
Айталық, локомотивтің өнімділігі өткен жылдың екі тоқсанымен салыстырғанда 1,2%, локомотивтің жүрісі 2,5% артса, жүк тиеген пойыздың телімдік және техникалық жылдамдығы 100% орындалған.
Ал жыл басынан бергі алты айда «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісіндегі жүк айналымы 111 млрд тонна-км құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 3,9% жоғары болған еді.
Бірінші жартыжылдықта тиелген жүк көлемінің 121 млн тоннаны құрағанын бұдан бұрында хабарлағанбыз. Осы ретте, жүк тасымалын ұйымдастырушы ұлттық оператордың елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде де еңбек қорғау және пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар қойып, сақтық шараларын күшейткен еді. Соның нәтижесінде, алты айда қауіпсіздіктің бұзылуы деңгейі өткен жылға қарағанда 31 % төмендеп, ахуал біраз жақсарған.
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ мамандары пойыздар тартымына кететін отын-энергетикалық ресурстардың шығындарын азайту күн тәртібіндегі өзекті мәселенің бірі екені белгілі. Осы бағытта атқарылған арнайы шаралар да көп күттірмей жемісін бере бастаған сыңайлы. Мәселен, қаңтар-маусым аралығында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 8780 тонна дизель отынын үнемдеуге қол жеткізілген. Демек, бұл дегеніміз – өткен жылдың есепті мерзіміндегі көрсеткіштен 3,4% жоғары. Ал дизель отынының бекітілген жоспарға сай үлестік шығынына келсек, ол 27,44 кг/өлшемді құраған. Сонымен қатар пойыздар тартымына жұмсалған электр энергиясының 20 307 мың кВт/сағатқа үнемделгенін де айтар едік.
Теміржол көлігінде жүк тасымалын ұйымдастырушы мамандар алдағы алты айға да маңызды міндеттерді іске асыруды жоспарлап отыр. Солардың қатарында тарифтік жүк айналымы көлемін 222,6 млрд тонна-километрден кем орындамау, жүк тиелімі көлемін 250 млн тонна шамасына жеткізу міндеттері тұр. Сондай-ақ, отын-энергетикалық ресурстарды үнемдеу және Қытай – Еуропа – Қытай бағытындағы транзиттік контейнерлік пойыздардың маршруттық жылдамдығын тәулігіне 1150 километр деңгейіне жеткізу басым бағыттың бірі болып отыр.
Сулугүл Бакесова
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
60
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
63
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы