Главная Новости Жастардың өркендеуіне жол ашатын бағдарлама
21 желтоқсан 2018, 19:10 2220

Жастардың өркендеуіне жол ашатын бағдарлама

Жастардың өркендеуіне жол ашатын бағдарлама

"Самұрық-Қазына" АҚ "Жас өркен" бағдарламасы аясында былтыр іріктеу байқауында Қазақстанның 21 қаласынан 600-ге жуық түлек бақ сынаса, биылғы 2018 жылы үміткерлер саны 740-ға дейін артты. Қазіргі уақытта бағдарламаға 33 жас маман қатысуда.

Бұл туралы бүгін "Самұрық-Қазына" АҚ басқарушы директоры Әлішер Пірметовтің жоба тәлімгерлерімен жүздесуі барысында мәлім болды.

"Бағдарлама қарқыны жақсы. Дегенмен әлі де жетілдіре түсетін жақтары бар. Сол үшін сіздермен өзекті мәселелерді талқылап, ой қорытуға кездесіп отырмыз. Мысалға тиісті кезеңдердің барлығынан сүрінбей сәтті өткен, үздік болып танылған тағылымдамаға қатысушыларды әрі қарай жұмысқа қабылдауды жеңілдету мүмкіндігін қарастыру керек. Анығы жобаға ілігудің өзі жастарға өмірінде жаңа жол ашты, енді оларға дұрыс жөн сілтей білген абзал", - деді Әлішер Хабиболлаұлы басы қайырылған шаруаларға оң бағасын беріп.

Қор құрамындағы ұлттық компаниялардың "Жас өркен" бағдарламасына тәлімгерлер ретінде тағайындалған өкілдері еркін сипатта ұйымдастырылған басқосуда жанып тұрған жастардың бетін қайтармау керектігіне келісіп, ортақ істі жақсарту, оның болашағы тұрғысындағы ұсыныстарын ортаға салды.

Шара қорытындысында Әлішер Пірметов тәлімгер мамандардың қоғамдық дәрежеде атқарып жатқан жемісті еңбегіне алғысын жеткізіп, бірқатарына Алғыс хат табыстады.

Еске сала кетсек, 2017 жылы Қордың бастамасымен жоғары оқу орындарының талантты түлектерін тарту, іріктеу және дамыту бойынша «Жас Өркен» бағдарламасы іске қосылды. Қазақстанда теңдессіз бағдарламаның басты артықшылығы компанияның тәжірибелі қызметкерлері қатарынан тәлімгерлердің басшылығымен жеделдете дамыту мүмкіндігі болып табылады. Жас мамандар тағылымдамасынан тыс, саналуан дәрістер, онлайн курстар ұсынылмақ. 

Бағдарлама уақытында қатысушылар әртүрлі 4 кәсіпорында, әрқайсында 5 айдан ақылы түрде еңбек өтілін жинап, көкжиегін кеңейтеді. Жол ақысы сынды шығындар да төленбек.

Айтпақшы, "Самұрық-Қазына" АҚ "Жас өркен" бағдарламасына жас мамандардың жаңа легі қабылданатынын жариялайды. Жоғары оқу орындарындағы бакалавриаттың немесе магистратураның 2017, 2018 және 2019 жылдардағы түлектері өтінімдерді жаңа жылдың 1 қаңтарынан бастап бере алады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: