Главная Новости «Жайықмұнайгаз» инженер-химигі: «Ата-анам салған ізбен мұнай-газ саласын таңдадым»
31 мамыр 2021, 10:44 1565

«Жайықмұнайгаз» инженер-химигі: «Ата-анам салған ізбен мұнай-газ саласын таңдадым»

«Жайықмұнайгаз» инженер-химигі: «Ата-анам салған ізбен мұнай-газ саласын таңдадым»

30 мамыр - Химия өнеркәсібі қызметкерлері күні.

«Жайықмұнайгаз» МГӨБ инженер-химигі Ақмарал Усалиева «Ембімұнайгаз» АҚ-ның Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында салаға қалай келгені туралы айтып берді:

Ембідегі қызметім тәуелсіздіктің алғашқы жылдарымен тұспа-тұс келді. Автоматика саласында пульт операторы болып еңбек жолымды бастадым. 1992 жылы химиялық талдау лаборанты болып ауыстым. Осы жылдар аралығында 2, 3, 4 разрядқа дейін көтеріліп, зертхана меңгерушісі болдым. Қазір инженер-химик лауазымында еңбек етудемін.

Әкем Жақсылық Усалиев пен анам Ғалия Қосанова мұнай-газ саласында еңбек еткен. Ағам Рүстем Усалиев те «Жайықмұнайгаз»МГӨБ-де, «Қазгермұнай» компаниясында еңбек етіп, бүгінде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-да жұмыс жасауда. Ата-анамның жолын қуып, мен де «қара алтын» өндіру саласына өмірімді арнадым. Мамандығыммен мақтанамын. Өйткені, мұнай-газ секторы егеменді еліміздің экономикасының негізгі локомотиві саналып келеді. Ал, өндірілген мұнай сынамасына талдау жүргізу, сапасын бақылау - біздерге артылған үлкен жауапкершілік. Әкем бұл саланың маңыздылығын үнемі айтып отырушы еді.

Кейінгі білімді де білікті жас ұрпақ - жарқын болашақтың кепілі екендігін мойындайтын халықпыз ғой. Өзім де алғашқы жылдары өз ісінің шеберлері Людмила Орлова, Сәуле Ғұмарова, Света Матишева, Мархаш Мұстажапова, Айғаным Құспанова сынды ұстаздарымнан тәлім алдым. Қазіргі таңда жас тәлімгерлер тәрбиелеу ісіне үлкен мән беріп келемін. Лаборант қыздарым 2014 жылдан бері «Үздік маман» кәсіби шеберлік байқауларында үнемі топ жарып келеді. Солармен мақтанамын. Мұндай сайыстар ұжымішілік байланысты нығайтудың, достық қарым-қатынасты арттыру кілті деп білемін.

Ұжымым өте берекелі. Білікті мамандармен, өз ісінің кәсіби шеберлерімен әріптес болу үлкен бақ санаймын!

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: