Главная Новости Жетібай және Қаламқас кен орындарында TUMAR интеллектуалды жүйесі сәтті енгізілді
14 мая 2026, 10:44 47

Жетібай және Қаламқас кен орындарында TUMAR интеллектуалды жүйесі сәтті енгізілді

Жетібай және Қаламқас кен орындарында TUMAR интеллектуалды жүйесі сәтті енгізілді

Алғашқы тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар 2024 жылы ҚМГ ұйымының еншілес кәсіпорны — «Oil Services Company» ЖШС-нің ұңғымаларды күрделі жөндеу бригадаларының бірінде өтті. Бүгінде жабдық Жетібай және Қаламқас кен орындарындағы ұңғымаларды жерасты және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізетін 60 бригада үшін орнатылған.

Жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін TUMAR жүйесі қауіпті технологиялық операцияларды жүргізу барысында апаттар мен жазатайым оқиғалардың алдын алады. Жүйе онлайн режимде қауіпсіздік талаптарының бұзылуын, қызметкерлердің қауіпті әрекеттерін автоматты түрде анықтап, қауіп төнген жағдайда дыбыстық белгі береді.

Жасанды интеллектіні оқыту үшін 15 мыңға жуық сурет өңделіп, 183 мыңнан астам нысан белгіленді. Жүйе машиналық оқыту мен компьютерлік көру технологиялары негізінде жұмыс істейтін үш интеллектуалды сервистен тұрады:

жеке қорғаныс құралдарын пайдалануды қадағалау

гидравликалық кілтпен жұмыс істеу кезінде қауіпті әрекеттерді бақылау

қауіпті аймақты бақылау

ҚМГ әзірлемесі өзінің тиімділігін дәлелдеп, алдағы уақытта компаниялар тобының құбырлар бойынша барлық КЖ/ЖЖ бригадаларына кезең-кезеңімен енгізіледі. Жалпы, қауіпсіз өндірістік процесті қамтамасыз ету ҚМГ үшін негізгі міндеттердің бірі.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: