Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Атырау облысының Құрманғазы ауданы – мал өсіріп, егін салуға, жалпы айтқанда ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы өңір. Мұнда шағын өзендер мен көлдер де көп. Сулы, нулы жер. Біздің кейіпкеріміз Асқар Ертаев осы өңірде, ауыл шаруашылығы мамандарының отбасында дүниеге келген.
Дегенмен, оған тағдырын темір жолмен байланыстыру бұйырыпты. Ресейдің Астрахань облысымен шекаралас Котяевка селосының Крупская атындағы мектебін 1985 жылы бітірісімен көп ойланбай Гурьев теміржол техникумына оқуға түседі. 1988 жылы әскерден келген соң оқуын жалғастырып, оны 1990 жылы техник-жолшы мамандығы бойынша бітіріп шығады.
Ганюшкино жол дистанциясында жол жөндеуші болып еңбек жолын бастаған жас маман бригадир, жол шебері, жол бапкері, жол өлшеу шебері сынды мектептен өтті. Қазіргі уақытта №7 телімнің жол шебері.

«Асқар Ертаев сауатты маман. Әсіресе жол шаруашылығында «Oliver Wyman» тәсілін жүзеге асыру бойынша инфрақұрылымды басқару мен пайдаланудың жаңа жүйесін тиімді енгізуге зор үлес қосты. Нәтижесінде 2 128 түйіспе мен рельстердің ақауы жойылды, жол сапасы жақсарды, жолдың жоғарғы бөлігінің материалдары үнемделіп, пойыздың жүрісі жақсарды. Оның учаскесі ескі шпалдардан тұратын, күрделі жөндеу уақыты өтіп кеткен телім бола тұра жол сапасы «жақсы» деген бағаға ие. Сондай-ақ Асқардың телімінде қоршау салынбаған, соған қарамастан ол малдың жолға шығып кетуіне жол бермей отыр. Оның жігіттері жауапты жұмыс істейді, жолды қадағалап отырады», – дейді Атырау магистральдық желі бөлімшесі бастығының міндетін атқарушы А.Рахмеденов.
Ісінде береке, сөзінде адалдық, жұмысында жауапкершілікті ұстанған Асқар Қайыржанұлын биыл басшылық «Құрметті теміржолшы» атағына ұсыныпты. Ұжымдастары оны ол атаққа әбден лайық деп санайды. 1996 жылы отбасын құрған жолшы жігіт – бүгінде екі бала тәрбиелеп отырған берекелі шаңырақтың иесі.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
190
13 марта 17:18
Компании группы АО «Самрук-Қазына» удостоились ряда наград Казахстанской фондовой биржи