Главная Новости «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Астана-Қостанай» Тальго пойызының бағытын Ақтөбе станциясына дейін ұзартады
30 сәуір 2024, 10:32 346

«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Астана-Қостанай» Тальго пойызының бағытын Ақтөбе станциясына дейін ұзартады

«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Астана-Қостанай» Тальго пойызының бағытын Ақтөбе станциясына дейін ұзартады

«Жолаушылар тасымалы» АҚ халық тарапынан келіп түсетін сұраныстың артуына байланысты және техникалық мүмкіндіктерді ескере отырып, биылғы жылдың 10 маусымынан бастап №81/82 «Астана-Қостанай» Тальго жедел пойызының Ақтөбе станциясына дейінгі маршрутын кеңейту туралы шешім қабылдады.

№81/82 пойыздың жүру бағытында Астана, Атбасар, Есіл, Құсмұрын, Тобыл, Қостанай, Хромтау, Әйтеке би, Никельтау, Ақтөбе сияқты негізгі станциялар бар.

Пойыз күнделікті кезеңділікпен, Астанадан жұп күндер бойынша, Ақтөбеден тақ күндер бойынша жөнелтілетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, жолаушылар пойыздарына жол жүру құжаттарын алдын-ала 45-тен кем емес және пойыз жөнелтілгенге дейін 1 тәуліктен аспайтын мерзімде сатып алуға болады.

Кеңейтілген маршрутқа билеттер сатуға шығарылды.

Жолаушылар комиссиясыз билеттерді https://bilet.railways.kz/ сайтында немесе темір жол вокзалдарында орналасқан «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларында сатып ала алады.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «1433» тегін нөмірі бойынша алуға болады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: