Главная Новости Жүк тасымалы: сапа артып, жоспар артығымен орындалды
14 қаңтар 2021, 09:04 781

Жүк тасымалы: сапа артып, жоспар артығымен орындалды

Жүк тасымалы: сапа артып, жоспар артығымен орындалды

Қазақстанда 2020 жылы жүкайналымы 231,8 млрд км құрады. «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ желісі бойынша 256,5 млн тоннадан астам жүк тиелсе, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 1,4 млн тоннаға көп. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Темір мен марганец рудасын тиеу 2% ( 27 млн тоннаға дейін), түрлі түсті руда мен күкірт шикізаты 13% (23 млн тоннаға дейін), қара метал 10% (5 млн тоннаға дейін) өсті.

Алдыңғы жылмен салыстырғанда құрылыс және мұнайлық жүктер тасымалдау көлемі шамалы ғана төмендегені байқалады. 19 млн тонна құрылыс жүктері тиелсе, бұл 2019 жылдың көрсеткішінің 94% құрайды, мұнайлық жүктер – 17 млн тонна (92%). Тасымал көлеміне ықпал ететін факторлар – мұнайға деген бағаның құлдырауы және коронавирус індетіне байланысты құрылыс жүктеріне деген сұраныстың төмендеуі.

«Ұлттық тасымалдаушы жыл сайын астық пен көмір сияқты әлеуметтік-маңызды жүктерді тасымалдау бойынша жоспарды орындап келеді», – деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының жүк қозғалысы жөніндегі орынбасары, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас директоры Дәурен Бимов.

2020 жылдың қаңтар-желтоқсанында 103,2 млн тонна тас көмір тиелсе, бұл 2019 жыл көрсеткішінен 700 мың тонна жоғары. Соның ішінде коммунальдық-тұрмыстық кәсіпорындар мекен-жайына  және ел тұрғындары үшін 73 млн тоннадан астамы жеткізілді. Экспортқа 30 млн тонна қатты отын жөнелтілсе, бұл өткен жыл деңгейінен 3% жоғары.

Жаңа орылған астықтың 9 млн тоннадан астамы тасымалданды. Еліміз ішінде 2 млн астам тонна, экспортқа – шамамен 7 млн тонна. Қазақстандық астық Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан, Қырғызстан, Ауғанстан, Қытай және Ресейге жеткізіліп тұрды.

Ұнтақталған өнімдерді (соның ішінде ұн) тиеу 5% өсті және де 3 млн тоннаны құрады.  Экспортқа шамамен 2 млн тоннасы жөнелтілсе,  2019 жылдың көлемімен 10% артық.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС тарту жылжымалы құрамын пайдалану сапасын жақсартты. Сонымен, өткен жылы локомотивтердің орташа тәуліктік жүрісі 1,3% арттырылды. Бұл ретте, 2000 жылдың қорытындысы бойынша пойыздарды тартуға жұмсалатын дизель отынының шығыны 11 мың тоннаға төмендеді. Үнемдеу энергияүнемдеу іс-шараларын жүзеге асыру арқасында қол жеткізілді.

Халықаралық теміржол қатынастарында, соның ішінде Қытаймен тасымал көлемінің артқандығы байқалды. Қазақстан мен Қытай шекаралық станциялары арқылы 19,5 миллион тонна жүк көлеміндегі жылдық жоспар мерзімінен бұрын орындалды.

2019 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда жүк тасымалы 24% өсті. Қазақстаннан ҚХР тасымал көлемі 34% артса, керісінше – 9%.

Өткен жылы шекаралық станциялар теміржолшылары жүк пойыздарын орташатәуліктік алмастыру бойынша рекорд орнатқан болатын.  Достық – Алашаңқай шекаралық өткелі арқылы тәулігіне 16 орнына 18 пойыз берген болатын, Алтынкөл – Қорғас шекаралық өткелі арқылы – тәулігіне бестің орнына сегіз пойыз. 

«Достық станциясы Еуропа – Азия қатынасындағы халықаралық тасымалдарды қамтамасыз етудің негізгі тізбегі болып табылады. 2021 жылы теміржол станцияларын жаңғырту мен кеңейту бойынша жобалар шеңберінде «Т» шекаралық паркінде төрт қабылдапжөнелтуші  жолды ұзарту бойынша жұмыстар жүргізіледі. Учаскенің өткізу мүмкіндігін арттыру үшін Достық – 19 разъезд өткелінде екінші жол және қосымша үш қабылдапжөнелтуші жол 19 разъезде салынады», – деді Дәурен Бимов.

ЭО жаңа бекетінің құрылысы мен Достық – Ақтоғай учаскесі бағытында пойыздарды қабылдап/жөнелту мүмкіндігімен «Г» паркінде қосымша төрт қабылдапжөнелту жолдарын төсеу қарастырылған. Бұның барлығы пойыздарды қабылдап/өткізуде өңдеу уақытын қысқартуға мүмкіндік беріп, станцияның өнімділігін арттырады.

Қазақстан аумағы бойынша өткен жылы транзиттік қатынаспен 7 мың контейнерлік пойыз жүріп өтсе, бұл 2019 жылдың көрсеткішінен 39% жоғары.  Соның ішінде Қытай – Еуропа – Қытай бағытына шамамен 4800 контейнерлік пойыз жөнелтілсе, өсім 55% құрады.

Қытай – Еуропа бағытындағы контейнерлік пойыздардың маршруттық қозғалыс жылдамдығы тәулігіне 1152 километрге жетсе, бұл 2019 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 4% жоғары.

2021 жылы темір жолда еліміздің ішінде ғана емес, сонымен қатар халықаралық қатынаста да жүкайналымын, контейнерлік пойыздардың орташа жылдамдығын арттыру және өзге де іс-шараларды жүзеге асыру жалғасын табатын болады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: