Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Биылғы жылу беру маусымына 3,9 млн тонна көмір мен 83 мың тонна мазут қарастырылған. Бұл туралы «Jibek Joly» телеарнасындағы «Жаңа уақыт» бағдарламасына сұхбат берген Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі.
«Қыс маусымына дайындалуға өте аз уақыт қалды. Қазіргі таңда 80 пайызға дайынбыз. Дегенмен бірқатар өңірде бұл жұмысты күшейту керек. Өздеріңіз білетіндей, осы жылы Петропавл қаласында мұржа құлады. Сондықтан бұл сұрақ ерекше бақылауға алынды. Сонымен қатар Кентау қаласындағы жылу орталығы мен электр жүйелерінің тозуына байланысты жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Оны әкімдікпен бірлесіп жүзеге асырып жатырмыз. Сондай-ақ Семей қаласында көмір қорын жинау жұмыстары пысықталуда», – деді министр.
Болат Ақшолақовтың айтуынша, елдегі қазандықтардың жартысы жылу беру маусымына дайын. Ал қалғандары жөндеуден өтіп жатыр.
«Қазандықтар туралы айтатын болсақ, қазір олардың жартысы әзір. Жөндеу жұмыстарының жартысы әлі алда. Қазір көмір мен мазуттың көлемі жинақталуда. Биылғы жылу маусымына 3,9 млн тонна көмір, 83 мың тонна мазут қарастырылған. Сонымен бірге әлеуметтік мазуттың да бағасы бекітілді. Қысқы маусымға 218,6 мың тонна әлеуметтік мазут беріледі», – деді министр «Жаңа уақыт» бағдарламасында.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
134
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»