Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Жылу және электр энергетикасы саласындағы қызметтер орталықтандырыла ма? Сенат депутаттарының бұл сауалына ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жауап берді, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі.
«Жылу және электр энергетикасы саласындағы функцияларды орталықтандыруға қатысты «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясын өндіруге арналған шекті тарифтерді Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі бекітеді. Бұл бірінші кезекте электр энергетикасы кешенін тіршілікті қамтамасыз етудің аса маңызды жүйесі ретінде басқару бірлігін қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты. «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті атынан табиғи монополиялар субъектілері қызметін мемлекеттік реттеуді және бақылауды жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру, электрмен жабдықтау және газбен жабдықтау салаларында тарифтерді қалыптастыру, белгілеу және бекіту жолымен де жүзеге асырады», – деді Әлихан Смайылов жауабында.
Оның атап өтуінше, осы құзыретті жүзеге асыру кезінде ТМРК үй шаруашылықтары мен кәсіпорындардың тіршілікті қамтамасыз етудің негізгі қызметтеріне қол жеткізу кезінде тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектілері (оның ішінде ЖЭО) мүдделерінің теңгерімін сақтау қажеттілігін басшылыққа алады.
«Энергетика саласының ерекшелігі – электр энергиясының құны тауарлар мен қызметтердің басқа түрлерінің құнына айтарлықтай әсер етеді. Жылу және электр энергиясына арналған тарифтерді бекіту жөніндегі функцияларды бір мемлекеттік органда орталықтандыру кезінде тарифтік саясат пен саланы дамыту арасында мүдделер қақтығысының туындауы мүмкін. Бұл ретте өңірлерді дамытудың әлеуметтік-экономикалық факторларын да ескеру қажет. Осыған байланысты аталған тарифтерді бекіту бойынша функцияларды бір мемлекеттік органға беру мәселесі орынсыз болып табылады», – деді Үкімет басшысы.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!