Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қаражанбасмұнай» АҚ Басқармасының кен орнына жоспарлы жұмыс сапары қалған цехтар мен бөлімшелердің өндірістік алаңдарында жалғасты. ҚБМ Бас директорының бірінші орынбасары Қуанышбай Нұрғалиев Бұрғылау және ұңғымаларды жерасты күрделі жөндеу басқармасы объектілеріндегі жұмыс барысымен танысты.
Кездесуде топ жұмысшылары интеграциядан кейін мобильді кешендер жаңарып, айтарлықтай өзгерістер байқалатынын атап өтті. Алайда, мұнда әлі де технологиялық жабдықтауға қатысты мәселелер бар. Бұрғылаушылар құралдар сапасы мен жабдықтарды уақытылы жеткізу қажеттілігін айтты. Осыған орай, БжҰЖКЖБ-на көтергіш агрегаттарды, гидравликалық құбыр кілттерін және апаттық жұмыстарды жүргізуге арналған құралдарды жаңарту жоспарланып отыр.

Одан соң басшылық технологиялық көлік басқармасы базасындағы жағдаймен танысты. Мұнда мамандар үлкен жүк көліктері мен өндіріске қажетті арнайы техникаларды жөндеумен айналысады. Интеграциядан кейін олар ірі өндірістік-маңызды басқармаға айналды. Қазір мұнда қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша бірқатар мәселе бар. Сонымен қатар, олар автокөліктердің жай-күйі туралы айтып, арнайы техникалық паркті жаңғырту қажеттігін атап өтті. Басшылықтың айтуынша, келесі жылдан бастап ТКБ-на жаңа, сапалы жабдықтар әкелініп, кезең-кезеңімен өзгерістер күтілуде.
«Бірігу арқылы біз ірі компанияға айналдық. Сондықтан кемшіліктердің болмағанын қалаймыз. Бүгін біз басшылыққа өндірістік қажеттілік туралы айттық», – деп атап өтті ТКБ жұмысшылары.

Сонымен қатар, басшылық жөндеу-құрылыс цехында, жабдықтарды пайдалану және икемдеп жөндеу цехы мен мұнай дайындау және айдау цехында болды. Мұнда жұмысшылар өндірістік көрсеткіштерге тоқталды. Олар пайдалануға берілген нысандар арқасында еңбек өнімділігі артқанын атап өтті. Оған қоса, мұнайшылар ішкі ауысу барысында біліктілікті сақтау мәселелерін қозғап, жабдықтың уақтылы жеткізілуін бақылау қажеттігі туралы айтты. Мұнайшылар пікірін тыңдаған басшылық жұмысшылардың сұрақтарына жауап беріп, алға қойған жоспарлармен бөлісті.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
134
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»