Главная Новости Жүз жас тұлға жобасына 300-ден астам өтінім түсті
26 сәуір 2021, 17:34 1070

Жүз жас тұлға жобасына 300-ден астам өтінім түсті

Жүз жас тұлға жобасына 300-ден астам өтінім түсті

«Жолаушылар тасымалының 100 жас тұлғасы» жобасына қатысу үшін 300-ден астам өтінім келіп түсті, деп хабарлайды SKnews.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олардың арасында шеберлер, жолсеріктер, слесарлар, пойыз электромеханиктері, нарядшылар, технологтар, инженерлер, пойыз бастықтары, билет кассирлері, бухгалтерлер, заңгерлер және т.б. теміржол және сабақтас мамандықтардың өкілдері бар.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның 100 жас тұлғасы» жобасының мақсаты – Компанияның нақты жас қызметкерлерінің мысалында әдептілік, меритократия, кәсібилік және белсенді ниеттестік идеяларын ілгерілету болып табылады.

Жоба компанияның жас кадрлық әлеуетін дамытуға бағытталған жастар саясаты шеңберінде іске асырылады. Үміткерлер бірнеше іріктеу кезеңдерінен өтеді, содан кейін жобаның финалистері анықталады. Іріктеу қорытындысы тамыз айының басында, яғни теміржолшылардың кәсіби мерекесі – Көлік қызметкерлері күні қарсаңында белгілі болады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: