Главная Новости Huawei форумында ҚТЖ-ның цифрлық даму стратегиясы таныстырылды
08 маусым 2023, 08:27 910

Huawei форумында ҚТЖ-ның цифрлық даму стратегиясы таныстырылды

Huawei форумында ҚТЖ-ның цифрлық даму стратегиясы таныстырылды

«ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының стратегия жөніндегі орынбасары Әнуар Ахметжанов Алматы қаласында өткен Huawei Middle East & Central Asia Tech Carnival 2023 форумына қатысты, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

Форумда цифрландырудың маңызы мен оның экономиканың кейбір салаларын дамытуға қосар ықпалы туралы мәселелер талқыланды. Осы ретте Әнуар Ахметжанов «Қазақстан темір жолы» компаниясының цифрлық трансформациялау стратегиясын жүзеге асыру барысы туралы баяндады.  

Ол цифрландыру компания стратегиясының ең негізгі 6 құрамдас бөлігіне айналғанын және бұл пойыздар қозғалысы қауіпсіздігіне қол жеткізуде, клиенттердің қанағаттанушылық деңгейі мен қызмет тиімділігін арттыруда негізгі құрал болып саналатынын жеткізді.  

Әнуар Ахметжанов Huawei компаниясымен бірге жүргізілетін ынтымақтастық жұмыстарына назар аудартты.  

«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ғаламдық көшбасшымен бірге біз ҚТЖ-ның цифрлық трансформациясын бастаймыз, мәліметтер беру үшін инновациялық инфрақұрылымды құрамыз, ақпараттарды өңдеу және сақтау ісін жаңғыртамыз. Huawei-мен әріптестік Қазақстанның көлік саласын, жалпы елді дамытуда жаңа мүмкіндіктерге жол ашады»,- деді ол.  

ҚТЖ Huawei компаниясымен бірге теміржол индустриясын цифрландыру саласында бірлескен зерттеулер жүргізу және қызметкерлерді оқыту бойынша инновациялық орталық құруды жоспарлауда.  

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: