Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қаражанбасмұнай» АҚ жаңа тарихи кезеңге аяқ басқалы тұр. Интеграция - мұнайшылардың кәсіби өсу мен жан-жақты дамуы жолындағы күш-жігерін біріктіретін маңызды оқиға. Қазір «Тұлпар Мұнай Сервис», «Арғымақ Транс Сервис», «Технологиялық көлік және ұңғымаларға қызмет көрсету басқармасы» ЖШС-нің ҚБМ-ға қосылуы бойынша түсіндіру науқаны қарқынды жалғасып жатыр. Бұл жолы басшылық орталық кеңсе қызметкерлерімен кездесіп, алдағы құрылымдық өзгерістерді түсіндірді.
Интеграция аясында ҚБМ Директорлар кеңесі бірқатар бағыттарды жетілдіретін жаңа құрылым бекітті. Бірігу арқасында әкімшілік кедергілер жойылып, жұмыс уақыты мен еңбек ресурстары тиімді пайдаланылады деп күтілуде. Барлық блок жұмысшыларымен өткен кездесуде жаңа құрылым таныстырылды.
«Осындай өндірістік көрсеткіштер мен ұйымшылдықтың арқасында біз ірі холдингке айнала аламыз. Интеграция өндірістік міндеттерді орындау тиімділігін арттырып, ҚБМ, АТС, ТМС және ТКжҰҚКБ арасындағы шарттық қатынастарды жояды. Сонымен қатар, қағазбастылықты азайтып, жүйе бойынша біртұтас үлкен ұжымды дамытамыз. Біз уақыт көшінен қалмай алға қадам бассақ, талай шыңды бағындырарымыз сөзсіз», – деді басқарма мүшелері.
ҚБМ-да интеграциялау аясында екі басқарма құрылды, олар:
Айта кету керек, барлық жұмысшылар үшін жұмыс орындары, еңбекақы төлеу деңгейі, еңбек шарттарының қолданылу мерзімі және демалыс кестелері сақталады.
«Интеграция бізге жан-жақты дамуға мүмкіндік береді. Көптеген жылдан бері бірге мұнай саласының дамуына зор үлес қосып келе жатырмыз. Ұжымдастарымызды жақсы танимыз. Енді біртұтас компанияның жұмысшылары ретінде жұдырық болып жұмылып, жүктелген міндетті абыроймен атқаратынымызға сенемін», – деп атап өтті «Арғымақ Транс Сервис» ЖШС бірінші вице-президенті Шаттық Кульшиков.
Ұжыммен кездесу ашық диалог форматында өтіп жатыр. Жұмысшылар басшылыққа өзін толғандырған сұрағын қойып, қос тарап алдағы өзгерістерді бірге талқылайды. Кен орнында талай жылды бірге өткерген Қаражанбас мұнайшылары әрі қарай да бір шаңырақ астында ел игілігі жолында еселі еңбек ете бермек.
(«Қаражанбасмұнай» АҚ facebook парақшасынан алынды)
358
27 апреля 12:01
Алатау Жарық Компаниясы: қауіпсіздік технологиялар бақылауында
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
295
05 мая 11:53
Казахстан усиливает ИИ-инфраструктуру: проекты «Казахтелекома» представлены на GITEX 2026
229
04 мая 15:35
KEGOC: цифровизация и искусственный интеллект