Главная Новости Індет қазақстандық әртістерге дамудың жаңа мүмкіндіктерін ашты
14 сәуір 2021, 09:21 1078

Індет қазақстандық әртістерге дамудың жаңа мүмкіндіктерін ашты

Індет қазақстандық әртістерге дамудың жаңа мүмкіндіктерін ашты

«Астана Опера» театрының труппасы карантин бойы осынау қиын-қыстау кезеңде халыққа қолдау көрсету үшін еңбек етіп келеді. Солистер өздерінің әсерлерімен, көңіл-күйлерімен бөлісіп, шығармашылықты іске асыруда өздері үшін қандай жаңа формалар ашқанын баяндап берді.

«Қандай да бір оқиғаға баға беру үшін алдымен уақыт қажет. Індеттің басталған сәтінен бір жылдан сәл астам уақыт өтті, тұтас еліміз, барша қазақстандықтар Covid-19 атты сынаққа тайсалмай, төтеп беруде деп нық сеніммен айта аламыз. Театрымыз жаңа болмыстарға белсенді үн қатты: көп рет қолдануға болатын бетперделерді тігуді бастап, алғашқылардың бірі болып елорда тұрғындарына көмек қолын созды. Вокалистер мен балет әртістері Мәдениет және спорт министрлігімен жасалған жобаларға, атап айтқанда, «Карантиндегі жұлдыз» тележобасына қатысты. Жалпы алғанда, баршаға қиын болған осынау кезде барлық мәдени және спорт мекемелерін қолдауда Ақтоты Рахметоллақызының қосқан елеулі үлесін атап өткім келеді. Тіпті қатаң карантин жеңілдетілгеннен кейін де оның бар ынта-зейіні арқасында театр ғаламат премьераларды жүзеге асырып, барша қазақстандықтарға нағыз сый жасады», – деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» театрының директоры Ғалым Ахмедьяров.

Танымал өнер қайраткерлері Талғат Мұсабаев, Медет Чотабаев, Жұпар Ғабдуллина, Жаннат Бақтай, Салтанат Ахметова, Евгений Чайников, Бағдат Әбілхановтың айтуынша, театрдың жан-жүрегі – сахна, ол залда көрерменнің қошеметі соғылған кезде дүрсіл қағады, ал карантин жеңілдетілгеннен кейін бұған себеп те көп болды. «Дон Паскуале», «Махаббат сусыны», «Дала үні» спектакльдерінің премьералары, көптеген жаңа концерттер мен симфониялық бағдарламалар әртістер мен көрермендердің жүрегіне үміт отын жағып, өмірдің қалыпты арнаға түсіп келе жатқандығына нық сендірді.

Карантин балет әртістері үшін қиынға соқты, олар үшін дайындықсыз өткізген бір күннің өзі жұмыссыз екі аптаға пара-пар.

«Дене физикалық қозғалыстың жоқтығын бірден сезеді, үй жағдайында жасалған жаттығу залдағы толыққанды сабақты алмастыра алмайды. Дағдыға айналған жұмыс тәртібімізге бірден кірісіп кету оңай болмады, сондықтан спектакльдерде өнер көрсету, тіпті көрермендердің шектеулі санына премьералар қою мүмкіндігінің туындағанына шын қуаныштымыз. Балет әртісінің шығармашылық ғұмыры қысқа, сол себепті біз үшін әр күніміз бен сағатымыз аса маңызды», – деді «Астана Операның» жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақтияр Адамжан.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: