Главная Новости IPO-ға шыққан сәттен бері KEGOC төлеген дивидендтердің жалпы сомасы 282 млрд теңгені құрады
20 қараша 2024, 17:43 71

IPO-ға шыққан сәттен бері KEGOC төлеген дивидендтердің жалпы сомасы 282 млрд теңгені құрады

IPO-ға шыққан сәттен бері KEGOC төлеген дивидендтердің жалпы сомасы 282 млрд теңгені құрады

«KEGOC» АҚ Астанада AIX халықаралық биржасының алаңында Эмитент күнін өткізді.

Онда «KEGOC» АҚ қызметінің 2024 жылдың 9 айы бойынша негізгі өндірістік және қаржылық нәтижелері, инвестициялық тартымдылық факторлары, сондай-ақ Компанияның даму жоспарлары туралы айтылды.

«KEGOC» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Айгүл Әкімбаева компания табысының өсуінің оң динамикасын атап өтті. Компанияның 2024 жылғы 9 айдағы операциялық пайдасы 59 млрд теңгені құрады, өсім 59%-ды құрады. Ал таза пайда 47 млрд теңгені құрады, бұл 2023 жылғы кезеңмен салыстырғанда 18,4 млрд теңгеге немесе 64%-ға жоғары.

Қаржы директорының айтуынша, компания акциялары оң динамиканы көрсетіп келеді. SPO-ға шыққан (2023 ж. қараша) сәттен бастап акциялар сауда-саттығының жалпы сомасы 18,1 млрд теңгені құрады, бұл бағалы қағаздар нарығындағы жоғары өтімділікті көрсетеді.

Жалпы, компания акцияларын орналастырудың барлық кезеңінде төленген дивидендтердің жалпы сомасы 282 млрд теңгеден асты.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: