Главная Новости #ItsAllAboutAbility Көрінбейтін қабырғаны құлат
08 қараша 2019, 17:00 2662

#ItsAllAboutAbility Көрінбейтін қабырғаны құлат

#ItsAllAboutAbility Көрінбейтін қабырғаны құлат

Бүгін "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қоры БҰҰ Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) бірлесе, ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау жөніндегі #ItsAllAboutAbility ақпараттық науқанын іске қосты.

Балалардың құқығын қорғау және инклюзивті қоғамды дамыту мәселесі бүкіл әлемде өзекті болып табылады. Тиісті жайтқа, сондай-ақ, мүгедектігі бар балаларды қолдауға, инфрақұрылым мен кедергісіз ортаны дамытуға назар аудару саналуан жолдар арқылы жүзеге асырылуда.

Осы орайда, #ItsAllAboutAbility бастамасының мақсаты - балалардың, әсіресе осал топтардан шыққан балалардың құқықтарын қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аудару, қолайлы орта құру және барлық балалардың спортпен шұғылдануы үшін олардың дамуы мен әлеуметтенуі үшін мүмкіндіктер жасау.

Науқанды жүзеге асыру жолындағы алғашқы қадам – 10 қазан астанада өтетін "Астана-Ертіс" ойнына ерекше қажеттіліктері бар балалардың футболшылармен бірге алаңға шығуы. Ойынға 12 "ерекше" бала қатысады. Олардың барлығы инклюзивті секцияларда бейімделген дене шынықтырумен айналысады.

"Біз өз жұмысымызда "ерекше" балаларға көп көңіл бөлеміз. Бізде балалар үшін көптеген жобалар бар: аула клубтарын дамыту, сал ауруына ұшыраған бар балаларды оңалту, бейімделген спорт бойынша алғашқы балалар паралимпиадалық ойындарын өткізу. "Тең мүмкіндіктер әлемі" қоғамдық бірлестігімен ынтымақтастықта бейімделген дене шынықтыру бойынша оқу құралы әзірленді, қазір оны білім беру бағдарламасына енгізу мәселесі пысықталуда. Бүгінде біз қоғамның, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың мүгедек балаларға арналған мейірімді ортаны құру жолында бірігуін қалаймыз. Біздің ақпараттық науқанымызға "Астана" футбол клубы қолдау көрсетті", - деді "Samruk-Kazyna Trust" қорының ресми өкілі Мирас Іргебаев қоғам мен ерекше балалардың, олардың ата-аналарының арасындағы көрінбейтін қабырғаны құлатуға шақырды..

Мирас Іргебаевтың айтуынша, футбол науқанынан басқа Нұр-Сұлтан қаласының көшелері мен сауда орталықтарында "ерекше" балалардың толыққанды дамуына жағдай жасауға үгіттейтін көрнекі материалдарды орналастыру жоспарлануда.

Балалар құқығын қорғау жөніндегі ЮНИСЕФ бағдарламасының үйлестірушісі Татьяна Адерихина мүгедектігі бар балалардың спортқа және білімге тең қол жеткізуін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

"Мүгедектігі бар балалар қоршаған ортадағы дөрекілік пен алшақтауға қарсы тұра алмайды, бұл көбінесе оқшаулауға алып келеді және оларды қоғамда "көрінбейтін", елеусіз етеді. ЮНИСЕФ оқшаулауды жеңу үшін, сондай-ақ қызметтерге, оның ішінде білім беру мен спортқа тең қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Үкіметімен және серіктестермен ынтымақтастықта жұмыс жасайды. Бүгін ЮНИСЕФ мүгедектігі бар және ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету мәселелеріне назар аудару үшін #ItsAllAboutAbility науқанын іске қосуға қуанышты", - деп атап өтті Татьяна Адерихина.

Сал ауруына ұшыраған бүлдіршіннің анасы Светлана Шрейдер үйде баланың өзін барынша бақытты сезінгенімен, сыртқа шыққанда кейбір біліксіз мамандардың немесе ондай ауыртпалық басына түспеген азаматтардың "мүгедек" деген сөзді жиі қолданып, жанға жара салуы мүмкін екенін жасырмады. Сондықтан осындай шаралар аясында бірігіп, кедергілерді жеңуге ұмтылған жөн.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, #ItsAllAboutAbility науқанына кез келген ұйым немесе жай белсенді азамат қатыса алады. Ол үшін мүгедектігі бар немесе олардың қатысуымен іс-шаралар ұйымдастыру және оны әлеуметтік желілерде және БАҚ бетімен #ItsAllAboutAbility бірыңғай хэштегімен жариялау қажет. 

#ItsAllAboutAbility науқанына қатысу эстафетасын ұйымдастырушылар "Ертіс" футбол клубына тапсырды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: