Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы шетелдік жұмыс күшіне қатысты электр дәнекерлеушілер мен монтаждаушылардың қызметінен толығымен бас тартылатынын мәлімдеді. Kursiv.kz тиісті квота қалыптастырушы өңірлік комиссияның осындай ресми тоқтамға келгенін жазды.
БҚО жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Алтай Құлқаевтың айтуынша, соңғы он жылға жуық уақытта шетелдік жұмыс күшін тартатын компаниялардағы қазақстандық мамандардың үлесі 92,5 пайызға өскен. Осылайша өңірдегі басқа ел еңбеккерлерінің саны 10,6%-дан 7,5%-ға азайған. Ескере кетер жайт, бұл көрсеткіш, республика бойынша - 96%.
Осы орайда, шетелден шақырылатын жұмысшылардың 80%-ы Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнындағы кәсіпорындарда еңбек етсе, қалған 20%-ы Шынар мұнай-газ кен орнында қызмет етіп, шағын және орта бизнеске инвестиция құюда.
Сонымен, кен орындарына келетін шетелдік жұмыс күшінің 40%-ы компания басшылары мен олардың орынбасарлары, құрылымдық бөлімше жетекшілері болса, 55%-ы біліктілікке ие мамандар және 5%-ы білікті жұмысшылар ретінде рұқсат алуда. Енді, келесі 2020 жылы, Батыс Қазақстан облысындағы кен орындарында соңғы аталған санат қызметінен үзілді-кесілді бас тартылмақ. Мамандар тұрғысында да квота қысқартылмақ.
Жалпы, елімізде, қазіргі уақытта Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Бас прокуратура 50-ден көп шетелдік жұмысшысы бар кәсіпорындарға еңбек заңнамасын сақтау жөнінде тексеріс жүргізіп жатқаны белгілі. Бұл тұста "Самұрық-Қазына" қоры да жағдайды жіті назарында ұстап отыр.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
52
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы