Главная Новости Кәсіподақ теміржолшылар мүддесін қорғайды
22 тамыз 2022, 09:54 1263

Кәсіподақ теміржолшылар мүддесін қорғайды

Кәсіподақ теміржолшылар мүддесін қорғайды

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі кәсіподақ ұйымының төрайымы Ажар Ерманова – қоғамдық жұмысқа төселген шебер ұйымдастырушы ретінде танымал жан. Сондықтан болар, кәсіподақ ұйымдастырған кез келген іс-шара жоғары деңгейде өтеді. Аймақ теміржолшыларының ыстық ықыласына бөленген кәсіподақ жетекшісімен бастауыш ұйымның жұмысы жөнінде сұхбаттасқан едік.

– Бастауыш ұйымның мақсаты мен міндеттері туралы айтып берсеңіз...

– Бастауыш кәсіп одақ ұйымы – кәсіп одақ мүшелерінен тұратын қоғамдық ұйым. Жұмыскер кәсіподақ құрамына кіруге ерікті түрде ниет білдіреді. Ал мекемелерде құрылған бастауыш кәсіподақ ұйымының негізгі мақсаты осы кәсіподақ мүшелерінің мүддесіне жұмыс істеу болмақ. Бізде ол – теміржолшылар.  

Яғни, біздің бастауыш ұйымның міндеті жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы дәнекер ретін де теміржолшылардың еңбек құқығының сақталуы мен әлеуметтік тұрғыда қорғалуын қамтамасыз етуге атсалысу.  

Бұл жерде кәсіподақ ұйымына мүше әр азаматтың тек өздері ғана емес, олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік ахуалы мен денсаулығы, мұқтаждығы, т.б көптеген мәселелер қамтылуы тиіс. Ол үшін «ҚТЖ» ұлттық компаниясы мен оның еңбек ұжымы арасындағы ұжымдық шарт бар. Еңбек ұжымының, яғни теміржолшылар мүддесін қорғайтын Сала кәсіподағы. Міне, біздің негізгі сүйенетініміз де осы құжат. Онда теміржолшылардың еңбек ету және демалу құқығы, балалар демалысын ұйымдастыру, қандай жағдайда олар бір реттік көмек алуға құқылы, жеңілдіктер, тағысын тағы әлеуметтік кепілдіктер осы құжат арқылы заңдық тұрғыда бекітілген деуге болады. Яғни, Ұжымдық шарт – теміржолшылар құқығының кепілі. Теміржолшылардың әлеуметтік мүддесін қамтитын құжат.  

– Нақты мысалдар келтіріп өтсеңіз, мысалы, биыл аймақ теміржолшылары қандай игіліктерге қол жеткізді?  

– Жұмысшылар мен олардың жанұяларының жағдайын және зейнеткерлерді де толық қамтитын ұжымдық шартта көрсетілген колдау-көмектің бәрін теміржолшылар алып отыр. Одан бөлек, кәсіподақ ұйымының жеке қаражаты, яғни мүшелер жарнасы есебінен атқарылған жұмыстар өте көп. Былтыр барлығы 78 адамға түрлі жағдайға байланысты қайырымдылық көмек көрсетілген. 31 зейнеткерге Қарттар күні мен теміржолшылар мерекесіне орай көмек берілді. Биыл да 15 зейнеткер тиісті көмегін алды. 21 адамның отбасы жағдайына байланысты көмек сұраған өтініштері қанағаттандырылды. Ұжым дық шартқа сәйкес еңбек демалысына шыққандар сауықтыру орындарына екі жылда бір рет жолдама ала алады немесе оның құны төленеді. Одан бөлек, кәсіподақтың өз қаражаты есебінен өтіп жатқан түрлі қайырымдылық акцияларына қаржылай көмек көрсетеміз. Тек биылғы жазда 84 баланың демалысы ұйымдастырылды, олар еліміздің түрлі лагерьлерінде жаз қызығын өткізді.  

– Биыл сала кәсіподағының 30 жылдығы мен ҚТЖ-ның 25 жылдығына орай өткізіп жатқан іс-шаралар туралы не айтар едіңіз?  

– Биыл екі бірдей датаның қатар келуі біздің жұ мысымызды ширата түскені анық. Жыл басында Орталық Сала кәсіподағының нұсқауымен атқа рылатын іс-шаралар жоспарын жасадық. Мысалы, дәл биылғы жылдай теміржолшылар арасында кең ауқымда спорттық шаралар көптен өткізілген жоқ. 30 жылдыққа орай Қызылордада, Қазалыда футбол турнирі ұйымдастырылды. Волейбол, шахмат туры өтті. Қызметкерлер арасында өз өнерін дәріптеу, яғни өнерлі теміржолшыларды насихаттау үшін бірнеше сайыс өткізілді. Балалардың жергілікті музейге саяхаты мен олардың шығармашылығын дамыту бойынша сурет сайысы өтті. Алдағы уақыт та балалар арасында түрлі деңгейдегі жарыстар, саяхат-серуені ұйымдастырылады. Осының бәрі не кәсіподақ қаражаты есебінен қомақты қаржы бөлініп отыр.  

Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы" 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: