Главная Новости Қаламқас кен орнындағы келелі кеңес
15 ақпан 2023, 10:27 2158

Қаламқас кен орнындағы келелі кеңес

Қаламқас кен орнындағы келелі кеңес

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Басқармасы Қаламқас кенорнында бас директордың орынбасарларының, компания департаменттері мен қызметтері басшыларының, «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ басшылығының, цех, учаске бастықтарының қатысуымен өндірістік кеңес өткізді.

Бұл жиында «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ өндірістік көрсеткіштері, өндірістің ағымдағы жағдайы, кенорындағы көкейкесті мәселелер, әлеуметтік-шаруашылық жағдай, кадрлық мәселелер талқыланды. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры Мұрат Мұстафаев көтерілген мәселелерді шешу бағытында жауапты департаменттер басшыларына нақты тапсырмалар беріп, Қаламқас кенорнында осындай өндірістік кеңестер ай сайын өткізіліп тұратынын айтты.

Жиыннан соң бас директор, Қаламқас кенорнындағы қоғамның бірқатар цехтарын аралады, өндірістік ғимаратар мен қондырғылардың жағдайларымен танысты, мұнайшылардың еңбек жағдайларына аса көңіл бөліп, түйткілді мәселелерді шешу жолдарын қарастырып, қажетті шешімдер қабылдады.

Қоғам басшылығының кенорнындағы бағдарламасы Қаламқас спорт кешені ғимаратында жалғасын тапты. Спорт кешенінде «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ басқармасының 2022 жылдың қорытындысы бойынша еңбек ұжымымен есептік кездесуі өткізілді. Компаниямыздың ішкі коммуникациялар ережесіне сәйкес өткізілген бұл қорытынды есепке Қаламқас кенорны мұнайшылары еңбек ұжымынан 250-ден астам адам қатысты.

Кездесуді «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры Мұрат Мұстафаев ашты, еңбек ұжымына өзін таныстырып, сөз кезегін, әр бағыт бойынша баяндама жасау үшін, орынбасарларына берді. Қоғамның өндірістік көрсеткіштері, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жағдайы, экономикалық-қаржылық көрсеткіштері, адами ресурстарын басқару жұмыстары, әлеуметтік мәселелер бойынша баяндамалар тыңдалды. Кездесуде қойылған мұнайшылардың сұрақтарына нақты жауаптар берілді, сұрақтардың шешілуі қоғам басқармасының бақылауына алынды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: