Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қаламқаста Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған спорттық жарыстар аяқталды. 5 аталым бойынша өзара бақ сынаған мұнайшылар жеңіс тұғырынан көрінді.
Волейболдан ҚҚҰЦ құрамасы бірінші орынды жеңіп алса, МГӨК-4 мұнайшылары жүлделі екінші орынға жайғасты. Аппарат қызметкерлері үшінші орынды қанағат тұтты. Турнирдің үздік баскетбол командасы Газ цехы құрамасының үлесіне тиді. Асақ ұжымы күміс медальді иеленсе, қола жүлдені АУП спортшылары алды. Арқан тартудан МГӨК-2 мұнайшылары алдына жан салмады. МГӨК-3 және ҚҚҰЦ құрамасы екінші, үшінші орынға тұрақтады.
Сонымен, қазақша күрестен жарыстың абсолютті чемпионы МГӨК-2 слесары Расул Әбдіхалық болды. Күміс жүлде ПЖПЖЦ тазалаушысы Қайсар Тұрбергеновке бұйырса, МГӨК-3 операторы Ахмет Жиенқұлов қола жүлдегер атанды.
Аталған дода 5 желтоқсанда Жетібай кенорнында басталады.