Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Дегенмен мамандар жағдай бақылауда екеніне, тиісті шаралардың барлығы қолға алынғанына сендіруде.
2019 жылдың 22 мамырында сағат 18.20 шамасында Қаламқас кенорнында орналасқан №8237 ұңғымасы аумағында биіктігі 40-50 сантиметр су-газ қоспасының атқылауы (грифон) пайда болды. Сондай-ақ, №8237 ұңғыма сағасында қысымның 4 атмосфераға дейін жоғарылауы байқалды. Жүргізілген арнайы шаралардан кейін құбыр ішіндегі қысым 2,2 атмосфераға дейін төмендеді деп хабарлайды "ҚМГ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.
Бұл туралы мемлекеттік құзырлы органдарға хабар берілген.
"Осыған дейін үстіміздегі жылдың наурыз айында орын алған грифонның жану оқиғасынан кейін "ҚазМұнайГаз" ӨБТ ҒЗИ, "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ және тәуелсіз сарапшылардан тұратын жұмыс тобы құрылды. Аталған жұмыс тобы №8237 апаттық ұңғымасының айналасынан ауданы 4 шаршы шақырымды құрайтын зерттеу аймағын белгіледі. Бұл аймақта 98 ұңғыма тексеруге алынды, олардың арасында жұмыс істейтіндері мен істемейтіндері және жойылған ұңғымалар бар. Зерттеу жұмыстарының мақсаты – грифонның пайда болу, табиғи газ бен су шоғырланған жер қабаттарындағы техногендік газдың ықтимал көшу себептерін анықтау болып табылады" делінген хабарламада.
Жалпы, Ұлттық компания өкілдері, грифонның қайта көтерілуіне дайын болғандарын айтады. Осыған орай, тиісті іс-шаралар мен дайындық жұмыстары алдын ала жүргізілген.
Мәселен, №8237 апаттық ұңғымасы, техногендік газ бен судың қайта шоғырлануы байқалған кезде жеңілдетуші ұңғыма ретінде пайдалану үшін икемделген. Ұңғыма сағасы өртке қарсы құрылғылармен жабдықталып, босаған газ бен суды технологиялық ыдыстарға құю желісі орнатылған.
Қазіргі таңда жедел штаб құрылып, су-газ қоспасының пайда болу аймағында қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету, оны оқшаулау жұмыстары жүргізілуде екен: • қауіпті аймақтар анықталған, қауіпті деп табылған аймақ қоршауға алынып, апат салдарын жоюға тікелей қатысы жоқ адамдарды өткізуге тыйым салынған; • грифонның айналасына топырақ (мергель) төгу жұмыстары жүргізілген; • ұңғыманы басқару тетіктері сақталған, атындыны болдырмау жабдықтарымен жабдықталған, дроссельдеу және тұншықтыру блоктары қондырылған; • ұңғымадағы қысымды экологиялық ыдыс және технологиялық шамның көмегімен азайту арқылы грифонды жеңілдету шаралары жүргізілуде; • радиусы 500 метр аумақта 8 су айдау ұңғымасының жұмысы тоқтатылған.
Осылайша алдағы уақытта кен орнын бұрғылау және пайдалану кезінде тосын жағдайларды болдырмау жөнінде тиісті шаралар қабылдануда.