Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Самұрық-Қазына» қоры компанияларының басшылығы мен ұжымын толғандыратын маңызды мәселелерге қатысты толыққанды ақпарат беру мақсатында осыған дейін жарты жылдай уақыт аралығында Әлеуметтік тұрақтылық индексі аясындағы зерттеу жұмыстарына қарқынды дайындық жұмыстары өткізілді.
Нәтижесінде оған бірқатар жаңашылықтар мен өзгерістер енгізілді.
Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығы (бұдан әрі – Орталық) 2013 жылдан бері «Самұрық-Қазына» қорының құрамына кіретін компаниялар арасында жыл сайын «Әлеуметтік тұрақтылық индексі» (әрі қарай - ӘТИ) зерттеуін жүргізуде. Осы жылдар аралығында қомақты деректер қоры жинақталып, орын алып жатқан өзгерістер мен компаниялардың қажеттіліктерін ескеру нәтижесінде зерттеу әдіснамасы да толықтырылды.
Ағымдағы жыл да өз алдына ерекшеленуде. Зерттеу әдіснамасы Қор басшылығының тапсырмасы мен қоржындық компаниялардың ұсыныстарына сәйкес жетілдірілді.
Сонымен, биыл зерттеу жұмыстарында қандай өзгерістер орын алды және қандай нәтиже күту қажет?
Не өзгерді?
Біріншіден, биылғы сауалнамаға «Әлеуметтік инфрақұрылым» қосымша бөлімі енгізілді. Соның нәтижесінде зерттеу жұмысшыларға сыртқы қоршаған орта жағдайларын бағалауға мүмкіндік береді.
Екіншіден, сауалнамаға несиелер санын және оларды төлеуге кететін кіріс мөлшерін анықтайтын сұрақтар енгізілді. Ол өз кезегінде өндіріс жұмысшыларының несиелік жүктемелігін анықтайтын болады.
Үшіншіден, жұмысшылар өкілдерінің қызметі бойынша бөлім қосымша сұрақтармен толықтырылды.
Төртіншіден, зерттеу еліміздегі еңбек күшінің ұтқырлығына сипаттама беретін болады.
Бесіншіден, Қордың алдыңғы қатарлы компаниялары «Қазпошта» АҚ мен «KEGOC» АҚ сауалнама жүргізудің заманауи әдісі – онлайн форматқа ішінара көшуді бастап кетті. Осылайша Орталық зерттеу жұмыстарын өткізу және компанияларға зерттеу нәтижелерін ұсыну мерзімін жеделдете түсуді мақсат тұтуда.
Сонымен, алдағы уақытта не күтсек болады?
Жылдың соңына қарай компаниялар «ӘТИ-2018» зерттеу қорытындыларын алуды бастайды. Мұндай есептерде ұжымдардағы шынайы жағдай бейнеленіп, қызметкерлердің көңіл-күйінің өзгеруіне әсер ететін саналуан жайттар жан-жақты қарастырылады.
Сондай-ақ, Орталық сарапшылары, тиісті тараптарды зерттеу нәтижелерімен қалай жұмыс істеу қажет және қандай мақсатта қолдануға болатыны туралы ақпаратпен толыққанды қамтамасыз етпек ниетте.