Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Бүгінгі таңда 338 шақырым құбыр дәнекерленген. Бұл газ құбырының жалпы ұзындығының 31 пайызын құрайды деп хабарлайды 24.kz.
Жалпы Қызылорда-Жезқазған-Теміртау-Қарағанды-Нұрсұлтан қалалары бағытында газ құбырының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, 2019 жылдың соңына қарай Қазақстанның орталық және солтүстік өңірлері табиғи газбен қамтылуы тиіс. Жобаның іске асырылуына "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы жауапты.
Қазір Жезқазған қаласының маңында дәнекерлеу жұмыстары басталып кеткен. Еліміздің бірнеше аймағын газбен қамтитын жобаның өнімділігі жылына 2,2 млрд текше метрді құрайды. Газ құбырының жалпы ұзындығы – 1061 шақырым, диаметрі – 820 мм және қысымы 9,8 мегапаскаль болады деп күтілуде.
Жақын арада Нұрсұлтан мен Қызылорда қалаларында басқару қосындары пайда болмақ. Сонымен қатар, Жезқазған, Теміртау және Қарағанды қалаларын газбен қамтамасыз ету үшін бес автоматтандырылған газ тарату станциясы салынбақ.
"Қазіргі уақытта Жезқазған қаласының маңында дәнекерлеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда 338 шақырым құбырлар дәнекерленді. Бұл газ құбырының жалпы ұзындығының 31 пайызын құрайды. Сонымен қатар дәнекерлеу қосылыстарының сапасын тексеру, дәнекерлеу буындарын оқшаулау, құбырды траншеяға орнату жұмыстары жүргізілуде. Осы жұмыстар көлденең бұрғылау және жару тәсілдерімен жасалады", - дейді "АстанаГаз ҚМГ" АҚ қызметкері Еркін Жұмағалиев.
Бұл ірі жобаны жүзеге асыру үшін 2200-ден астам адам мен 800-ге жуық арнайы техника жұмылдырылған. Ал бұрғылау және жару жұмыстарын жүргізуге мамандандырылған арнайы рұқсаты бар мекемелермен келісімшарт жасалынған.
"Вахталық қалашықтарда 400-500 адамнан орналасқан. Қалашықтарда ғаламтор, байланыс желілері, асхана, медициналық пункт бар. Кір жуу бөлмелері мен монша орнатылған. Жұмысшыларға барлық қолайлы жағдай жасалған. Құрылыс барысында жергілікті мамандар, оның ішінде Қызылорда, Қарағанды облысынан жұмысқа қабылдау шаралары жүріп жатыр. Жалпы, газ құбырын салу және оны іске қосу жұмыстары 2019 жылдың соңына дейін аяқталады. Нәтижесінде 1,2,3 жылу электр орталықтары, 22 мың жеке сектордағы тұрғын үй, 192 жеке қазандық пен 48 шағын коммуналдық қазандық толық газ жүйесіне көшіріледі", - дейді құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша топ басшысы Нұрлан Кемалов.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
53
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
60
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы