Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Бүгін «Қаражанбасмұнай» АҚ 57 миллионыншы тонна мұнай өндіріп, жаңа тарихи кезеңге аяқ басты.
Компания басшылығы әріптестерді бағындырған кезекті белесімен құттықтап, мұндай көрсеткіштің артында компания жұмысшыларының табандылығы мен қажырлы еңбегі тұрғанын атап өтті.
«Биыл ҚБМ қос мерекені – Қоғамның құрылғанына 35 жыл толуы және 57 миллион тонна мұнай өндіргенімізді атап өтеді. ОПЕК-тің мұнай өндіру бойынша белгіленген квотасына қарамастан, біздің жұмысшылар өндіріс көлемін арттыруға көп тәжірибе мен күш жұмсады. Әрине, бұл біздің геологтарымыздың, шеберлердің, операторлардың, жөндеушілердің, жүргізушілердің және басқа да мамандардың еңбегі. Біздің ұжымның саны да, күші де мықты бола түсті», – деді ҚБМ Бас директорының бірінші орынбасары Қуанышбай Нұрғалиев.
Қаражанбаста игеру басталғаннан бері республика бойынша көптеген әдіспен мұнай өндіретін кен орны құрылды. Ол тұтқырлығы жоғары мұнайды әзірлеу, пайдалану процесін бақылау және реттеу жүйесін пысықтау бойынша жаңа технологияларды сынау үшін базалық объектке айналды.
«Соңғы 18 жыл ішінде Қаражанбас кен орнындағы барлық жұмысшылар мен олардың қажырлы еңбегі арқасында жыл сайынғы мұнай өндіру көлемі 2 миллион тоннадан асып келеді. Соның арқасында 2021 жылдың 1 қыркүйегінде кезекті 57 миллион тонна мұнай өндірдік», – деді ҚБМ-ның игеру бөлімінің басшысы Владимир Турков.
Қаражанбас кен орнының қалған 38,6 миллион тонна алынатын қоры, сондай-ақ жағалау аймағы мен Оталған учаскесіндегі жаңа геологиялық барлау жұмыстарын ескерсек, ҚБМ жұмысшыларының болашағы жарқын деуге толық негіз бар.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
157
04 декабря 19:30
До 600 детей будут бесплатно получать реабилитацию в новом центре в Кызылорде
106
03 декабря 17:46
АлЭС ищет таланты: ярмарка вакансий в ALT Университете