Главная Новости Қаражанбас диспетчері: «Жастарға білгенімді үйретуден жалықпаймын»
18 маусым 2021, 15:40 1404

Қаражанбас диспетчері: «Жастарға білгенімді үйретуден жалықпаймын»

Қаражанбас диспетчері: «Жастарға білгенімді үйретуден жалықпаймын»

Саналы ғұмырын сүйікті ісіне арнап, өмірінің көп бөлігін қара алтын игеру саласымен байланыстырған ардагерлеріміз жетерлік. Солардың салған сара жолымен келе жатқан ізбасарлардың бірі Базарбай Құлжан.

Ол 1987 жылы еңбек жолын сол кездегі «Қаражанбастермнефтьте» бастаған. Жас маман алдымен мұнай өндіру операторы, артынша шебер қызметін абыроймен атқарып, 1995 жылы орталық кеңседегі жедел басқару қызметіне диспетчер болып қабылданды. 2000 жылдары Ақтаудағы кеңседен кен орнына қайта ауысып, 20 жылдан астам уақытын Қаражанбастың қарқынды дамуына арнап келеді. Кен орнындағы көліктерді цехтерге үлестірумен айналысатын Базарбай, бүгінде диспечерлік топқа жетекшілік етеді.

«Мұнда алғаш қадам басқан жылдары Қаражанбас енді бой түзеп, қанатын қатайта бастап еді. Бүгінде ел көлемінде еңсесі биік компанияға айналды. Осындай ұжымның бір бөлігі екенімді мақтан тұтамын. Бұл жер біздің екінші үйіміздей болып кетті. Зейнет жасына жақындап қалсам да, көңілім әлі жас маман кезімдегідей жалындап тұр», – дейді Базарбай Құлжан.

Жұмысқа деген ерекше белсенділігінің арқасында Базарбай Сұлтанұлының бағындырған белесі аз емес. Әр жылдары басшылықтың алғыс хаты мен құрмет грамотасын қанжығалап, медальдарға ие болған. Өндірісте білікті маман, өмірде үлгілі отағасы, ардақты әке. Артынан ерген ұл-қызынан немере-жиен көріп, көпшіліктің алғысына бөленген ақылшы ата.

«Әр жұмыстың өз қызығы мен қиыншылығы болады. Айтпағым, диспетчер болу үшін де дарын керек. Бұл қызметке ұйымдастырушылық, шапшаңдық қабілет қажет етіледі. Өзім жетекшілік ететін топта дарынды диспечерлер жетерлік. «Болат қайнауда шынығады» демекші, жолымызды жалғап келе жатқан жастарға үнемі білгенімді айтып, жол нұсқап отырамын», – деп сөзін түйіндеді Базарбай.

Өз ісіне деген жауапкершілігімен, ұқыптылығымен, тиянақтылығымен ерекшеленетін маман қай ұжымда да абыройлы. Ғұмырының отыз беснші жылын Қаражанбаста өткізіп келе жатқан Базарбай Құлжан маңдай терімен, ақ адал еңбегімен көп жұмысшыға үлгі.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: