Главная Новости Қаражанбас жастары сәбилерге қуаныш сыйлады
26 желтоқсан 2022, 08:21 1825

Қаражанбас жастары сәбилерге қуаныш сыйлады

Қаражанбас жастары сәбилерге қуаныш сыйлады

Жаңа жыл – әр бала үшін ерекше ғажайыпқа толы мереке. Сондықтан олар сиқырға сеніп, жыл сайын көп сыйлық пен тәттілер күтеді. Осыған орай, «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның «Жас мамандар кеңесі» мереке қарсаңында бас біріктіріп, облыстық мамандандырылған сәбилер үйіне барды.

Жас мамандар бөбектерге тәтті сыйлықтар, азық-түлік және басқа да қажетті жабдықтарды жеткізді. Қазір сәбилер үйінде 4 жасқа дейінгі 18 бала тәрбиеленіп жатыр.

«Әр бүлдіршіннің балалық шағы бақытты сәттермен есте қалуы керек. Біз оны толық сезіндіре алмасақ та, көңілін көтеріп, қолда барымызды ұсынуды мақсат еттік. Олардың арасында болашақта елімізді әр салада дамытатын азаматтар бар екеніне сенеміз. ҚБМ жастары жиылып, балаларға мейірім мен қарлығаш көмегімізді беруді жөн санадық», – деді ЖМК төрағасы Марат Мәмбетов.

Қайырымды іс жасау – көп нәрсені қажет етпейді. Ең бастысы бөбектер жан жылулығы мен мейірімге мұқтаж. Осыны ескерген мұнайшылар мұндай акцияларды мерекеден тыс уақытта да жиі ұйымдастырып тұрады. Өз кезегінде мекеме басшылығы ҚБМ жастарына алғысқа толы ақжарма тілегін арнады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: