Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Мұнайшы» сөзінің артында сан түрлі мамандық бар. Бұл салада геологтар, операторлар, жөндеушілер, инженерлер, бұрғышылар, жүргізушілер, механиктер, әкімшілік қызметкерлер, менеджерлер мен химиктер және тағы басқа мамандар жұмыс істейді. Өндіріс өмірінде орны ерек жұмысшылардың бірі әрі бірегейі – ғылыми-зерттеу жұмыстары цехінің химиялық талдау зертханашысы.
Зоя Утесинова еңбек жолын осыдан 35 жыл бұрын бастады. Ол кен орнына алғаш келгеннен бері өндірістің қыр-сырын меңгеріп, тәжірибе жинақтады. Жас маман шағынан бастап ерлермен иық тіресе жұмыс істеп, Қаражанбастың өндіріс өміріне белсене араласқан Зоя, жылдар өте келе мұнай өңдеудің көптеген ұсақ-түйек процесстері мен ерекшеліктерін іс жүзінде білуге талпынды.

«Егер өз мамандығыңызды жақсы көрсеңіз, жұмыс қай жерде болса да оңай әрі қызық. Оның үстіне қазір қызмет пен демалыс үшін барлық жағдай жасалған. Менің міндетім – мұнайдың химиялық құрамы мен белгілі бір мұнай үлгілерінің химиялық қасиеттері туралы ақпарат алу, алынған көрсеткіштерге талдау жасау», – дейді зертханашы Зоя.
Мұндай ақпарат бүкіл технологиялық процесс үшін өте құнды және маңызды. Соның арқасында шикізат сапасын бақылау жүзеге асырылады. Сондықтан барлық қара алтын өндірушілермен қатар химиктердің де жұмысы жоғары бағаланады. Кейіпкеріміз өндіріс озаты ретінде «Қазақстан мұнайына 120 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Бұл марапат тек құрмет қана емес, жоғары кәсібилік пен тәжірибенің және бүкіл ұжым ұйымшылдығының көрсеткіші.
("Қаражанбасмұнайгаз" АҚ facebook парақшасынан)
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
44
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы