Главная Новости Қаражанбас мұнайшылары көшеттерді суыққа дайындады
25 қазан 2021, 08:00 1812

Қаражанбас мұнайшылары көшеттерді суыққа дайындады

Қаражанбас мұнайшылары көшеттерді суыққа дайындады

Ауа райы суыта бастағанымен «Қаражанбасмұнай» АҚ қызметкерлері сенбілікке шығуын тоқтатпайды. Бұл жолы мұнайшылар көшеттерді алдағы қыс мезгіліне толықтай дайындады.

Нақтырақ айтсақ, бұтақтарды кесіп, бүрку жасап, тамырларды ылғалдандырды. Бұл жасыл желектің аяздан зардап шекпеуіне кепіл болмақ.

Бұрғылау бөлімінің қызметкерлері облыстық Бекет ата мешіті аумағында болды. Олар аумақты арамшөптен, қоқыстан тазартты. Әр ағаштың жағдайын тексеріп, топырақ эрозиясының алдын алу шараларын жасады.

«Біз үшін көктемгі сенбілікте отырғызылған көшеттердің суықтан аман қалуы өте маңызды. Біздің ойымызша, жаз бойы өткізілген апталық сенбіліктер өз нәтижесін берді. Алдағы көктемде ағаштар қайтадан бүршік атып, жапырақтар пайда болады, талдарымыз биіктей түседі деп үміттенеміз», – деді мұнайшылар.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: