Главная Новости «Самұрық-Қазына» қызметкерлерінің 80%-ы екпе алды
25 қазан 2021, 08:20 1155

«Самұрық-Қазына» қызметкерлерінің 80%-ы екпе алды

«Самұрық-Қазына» қызметкерлерінің 80%-ы екпе алды

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ компаниялар тобында қызметкерлердің жаппай вакцина алу науқаны жалғасып жатыр. Қордың баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, 22 қазандағы дерек бойынша, 219 615 адам екпенің бірінші компонентін алып үлгерген. Бұл Қорға қарасты компаниялардағы барлық қызметкердің 80,6 пайызын құрайды.

Ал 207 593 қызметкер коронавирусқа қарсы түгел егілді, яғни, вакцинаның екінші компонентін алып үлгерген. Бұл барлық жұмысшының 76,2 пайызына тең. Толық егілген қызметкердің бірі – Қазпошта компаниясының елордадағы сәлемдемелер супермаркетінде оператор-контролер болып істейтін Бақыт Уақбаева. 

«Күн сайын өте көп адамды қабылдап, қызмет көрсетемін, сондықтан мен үшін вакцина өте қауіпті аурудан сақтанатын жалғыз жол. Бүгінге дейін вакцинаның екі дозасын алып үлгердім, енді ревакцинация туралы жаңалық күтіп отырмын», – дейді Бақыт. 

Ең көп қызметкерлер вакцина алған компанияның бірі – «Тау-Кен Самұрық» АҚ, бұл компания қызметкерлер мен медицина мамандарының арасында әңгіме орнатудың арқасында осындай көрсеткіштерге қол жеткізген.  Ал, жалпы, вакцинациялау қарқынының көрсеткіші бойынша компаниялардың үлесі мынандай болып отыр: 

  • Samruk-Kazyna Construction АҚ – 80 адамның 79-і (99%);
  • «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – 19 089 қызметкердің 17 944-і (94%);
  • «Самұрық-Энерго» АҚ – 16 954 адамның 15 767-сі (93%);
  • «ҚазТрансГаз» – 13 189 қызметкердің 12 160-ы (92%);
  • «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ – 861 қызметкердің 767-сі (89%);
  • «Қазақтелеком» АҚ – 20 321 қызметкердің 17 643-і (87%);
  • «Біріккен химия компаниясы» ЖШС – 623 қызметкердің 525-і (85%);
  • KEGOC АҚ – 4 499 қызметкердің 3 744-і (83%);
  • «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ – 109 682 қызметкердің 90 972-сі (83%);
  • «Эйр Астана» АҚ – 5 355 адамның 4 346-сы (81%);
  • «Қазпошта» АҚ – 18 838 қызметкердің 14 813-і (79%);
  • Qazaq Air АҚ – 281 адамның 196-сы (70%);
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ – 62 600 қызметкердің 40 464-і (65%).
     
Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: