Главная Новости Қаражанбас мұнайшысы «Жыл үздігі» атанды  
17 декабря 2025, 10:21 51

Қаражанбас мұнайшысы «Жыл үздігі» атанды  

Қаражанбас мұнайшысы «Жыл үздігі» атанды  

«Қаражанбасмұнай» АҚ №3 мұнай өндіру цехының операторы Нартай Алтыбаев ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында елорда төрінде марапатқа ие болды.
Еңбек адамы «Жұмысшы мамандықтары жылына» орай «Жаңа Қазақстан» инновациялық орталығы ұйымдастырған «Жыл үздігі - 2025» республикалық байқауында жеңімпаз атанды.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Адал адам - Адал еңбек - Адал табыс» бағдарламалық мақаласы ұлттық құндылықтарды қоғамда кеңінен насихаттау, ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген еңбек адамдарын көпшілікке үлгі тұтуды мақсат етеді. Осы бағытта өткен байқауға еліміздің әр өңірінен 20-ға жуық салада кәсіби біліктілігімен, жауапкершілігімен және табанды еңбегімен ерекшеленген азаматтар қатысты. Сайыста олардың қызмет жолы мен жетістіктері жан-жақты сарапталып, жүзден жүйріктерге диплом, арнайы төсбелгі мен кубок табыс етілді.

Нартай Алтыбаев – ұзақ жылдан бері өндіріс пен спортты қатар алып жүрген мұнайшы. Кір тасын көтеруден төрт дүркін Әлем чемпионы атанып, еліміздің атын халықаралық аренада танытқан спортшы жеке жетістіктерімен шектелмей, әріптестер арасында да спортты насихаттап, чемпиондар шығарды.

«Мыңдаған жұмысшы арасынан осындай марапатқа ие болу - мен үшін зор құрмет. Әр бастамамызға қолдау көрсететін әріптестерім мен компания басшылығына алғысым шексіз. Ортақ Отанымызды дамыту жолында тынымсыз еңбек етуге әрқашан дайынмын»,- деді Н.Алтыбаев.

«Жыл үздігі – 2025» байқауындағы марапат тек Нартайдың емес, еңбек адамдарын қолдауды басты назарда ұстайтын ҚБМ ұжымының ортақ жеңісі. Ол адал еңбек пен табандылықтың биік белестерге бастайтынына нақты дәлел.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: