Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Донорлық қан қажеттілігі өңір үшін қашаннан өзекті мәселе. Дәрігерлердің айтуынша, пандемия басталғалы ерікті түрде қан тапсыратындар саны азайған. Науқастар мен дәрігерлерге көмектесу мақсатында «Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшылары «Мен – донормын» акциясына атсалысып, қан тапсырды.
Донор болғысы келетіндер арасында ешқашан қан тапсырмаған және донорлық базаны қалыптастыруға белсенділік танытқан мұнайшылар болды. Олардың бәрін жерлестерге көмектесуге деген таза ниет біріктірді. Сатып алу және материалдық-техникалық жабдықтау департаментінің инженері Нұрлан Шадыев «Кадрлық» донор атанып үлгерген. Себебі ол 10 жылдан бері тұрақты түрде қан тапсырады.
«Егер менің қаным біреудің өмірін құтқарса, демек мен бекерден-бекер бұл іске жауапкершілік танытпағанмын. Донор болу үшін салауатты өмір салтын ұстану, алкоголь пайдаланбау, жаман әдеттерден бас тарту, дұрыс тамақтану жеткілікті. Баршаңызды игі акцияға қосылуға шақырамын», - деді Нұрлан.
Акция мақсаты - өміріне қандай да бір қауіп төніп тұрған адамдарға, күрделі аурулармен күресетін науқастарға көмектесу. Мұндай бастамалар облыста гемокомпоненттердің стратегиялық қорын сақтауға көмектеседі.