Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қаражанбасмұнай» АҚ өңіріміздің тек өндіріс қана емес, қоғамдық-әлеуметтік өміріне де белсенді атсалысады. Компания басшылығы әлеуметтік жауапкершілік аясында бұқаралық спортты дамытып, жас балуандарды жігерлендіру мақсатында демеушілік көмек көрсетті.
Бас директор Нұрсейіт Союнов спортты серік еткен жастарға арнайы барып, залдағы жаттығу барысымен танысты. Олардың арасында қазақша күрес пен дзюдодан облысымыздың атын асқақтатып, тіпті әлемдік ареналарда көк байрағымызды желбіретіп жүрген чемпиондар бар. Мұнайшылар осындай 20-дан астам балуанға спорттық киімдер сыйға тартып, жеңіске жаңа серпін сыйлады.

«Жас кезде белсенді өмір сүріп, спортпен айналысу – адамды биік белестерге жетелейді. Сіздердің жетістіктеріңіз арқылы талай жасөспірім спорт залға жазылып, араларынан тіпті чемпиондар шығуы бек мүмкін. Сондықтан қазақ спортының жанкүйері ретінде азаматтық ұстаным танытып, сіздердің талпынысыңызды арттыруға тырыстық», – деді ҚБМ Басқармасы.
Өз кезегінде облыстық қазақ күресі федерациясы басшылығы ҚБМ-ның демеушілік көмегін зор қуанышпен қабыл алып, алғыс хат табыс етті. Сондай-ақ болашақ жоспарларымен бөлісіп, келе жатқан додаларға дайындығы туралы айтты. Балуандар алдағы бәсекелерге сужаңа спорттық киімдерімен аттанып, жеңіспен оралуға уәде берді.

10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
70
10 декабря 11:56
Білікті маман Дастан Жүнісұлының еңбек жолы