Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Енді вахта ауысымындағы жұмысшылар компанияның соңғы ақпараттарымен жедел таныса алады. «Қаражанбасмұнай» АҚ корпоративтік телеарнасында алғаш рет жаңалықтар топтамасы көрерменге жол тартты, деп хабарлайды SKnews.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаңалықтар кен орнындағы жатақханалар мен асханалардағы теледидарлардан, сондай-ақ орталық кеңседегі бейне экрандардан көрсетіледі. Компания журналистері өндіріс өмірі жайлы, әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер бойынша, экономикалық жаңалықтар мен компанияның жетістіктері туралы сюжеттер дайындап, өндірісті өрге сүйреп жүрген жұмысшылармен таныстырады. Әлем жаңалықтарын хабарлап, қоғам өмірі мен спорт тақырыбын тілге тиек етіп, портреттік материалдар көрсетеді. Оған қоса, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған жобалар да іске қосылды.
Ұзақтығы 30 минутты құрайтын жаңалықтар топтамасы аптасына бір рет шығады. Осылайша, әрбір жұмысшы үйден жырақта жүрсе де, компанияның соңғы ақпараттарынан хабардар бола алады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!