Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қаражанбастың қалыптасуы мен дамуының астарында мұнайшылардың еңбекқорлығы мен кәсібилігі жатыр. Аға ұрпақтың қалдырған мол мұрасы жас мұнайшыларды мұратқа жеткізетін айқын бағдар іспетті. Қара алтын өндірушілердің сара жолын салғандардың бірі-материалдық-техникалық жабдықтау базасының учаске басшысы Шыңғыс Мәтенов.
Шыңғыс Мәтенов 40 жылға жуық уақыт бұрын еңбек жолын қатардағы мұнай өндіру операторы болып бастаған. Бұл Қаражанбас қанат жайып, өндіріс жанданған шақ еді. Ұңғымалар саны мен мұнай өндіру көлемі артқан жылдары, ол шебер қызметін де атқарған. Кейін МТЖБ-на ауысып, бүгінде тиеу-түсіру жұмыстары бойынша учаске басшысы болып еңбек етіп келеді.
«Қаражанбастың кешегісі мен бүгінгі деңгейі жер мен көктей. Бұрынғыға қарағанда қазір техникалық, заманауи технологиялық мүмкіндік мол. Өз ісінің майталманы атанған білікті мұнайшылар арқасында еліміздің маңдайалды компанияларының біріне айналдық. Бірақ, бұл біздің шың емес. Әлі де дамып, үздік атану үшін талмай тер төгеміз. Тағдырымның Қаражанбаспен тоғысқанына шексіз ризамын», – дейді Шыңғыс Мәтенов.
Кәсібінің нәсібін көріп келе жатқан азамат биыл алпыстың асуын бағындырмақ. Отбасында үлгілі әке, өндірісте беделі биік мұнайшы «Адал еңбек асқар асуға жеткізеді» деген ұранды ұстанады. Компанияның қоғамдық-әлеуметтік өміріне де белсенді араласатын Шыңғыстай жауапты жұмысшылар барда, өндіріс өрге басары анық.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
138
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»