Главная Новости Қаражанбасмұнайда комплеанс мәдениеті қалыптасады
17 тамыз 2021, 09:14 1214

Қаражанбасмұнайда комплеанс мәдениеті қалыптасады

Қаражанбасмұнайда комплеанс мәдениеті қалыптасады

«Қаражанбасмұнай» АҚ-да Қазақстан Республикасы заңнамасының, қадағалау органдарының, сондай-ақ ішкі саясатты айқындайтын ҚБМ ішкі құжат талаптарын сақтауды бақылау мақсатында комплаенс функциясы енгізілді.

Жаңа қағидалар жүйесінің мақсаты – заңнаманы бұзуға жол бермеу және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. Сыбайлас жемқорлыққа жол беру және ҚР заңнамасы талаптарын сақтамау – бұл кез келген компания мен тұтас мемлекетке қауіп төндіреді. Сондықтан ҚБМ айыппұлдар мен шектеулі ықпал ету шараларының жағымсыз салдарын азайту мақсатында өз жұмысын үздік комплаенс тәжірибелеріне сүйене отырып құрастырды.

«Комплаенс мәдениетін» құру мен жетілдіру аса маңызды. Ол болмаса компанияда дұрыс процестерді құру мүмкін емес. Сондықтан да бұл маңызды мәселе. ҚБМ жұмысшыларының әрқайсысы шешім қабылдау және өз міндетін орындау кезінде Қоғамда қабылданған мінез-құлықтың негізгі қағидаттары мен стандарттарын басшылыққа алуы тиіс», – деді перспективалық даму және тәуекелдерді басқару департаменті директорының орынбасары, комплаенс Мадина Саурамбаева.

ҚБМ-да комплаенс ретінде жаңа бағыттың пайда болуы компания тағдыры жұмысшының әрбір іс-әрекетіне байланысты екенін түсінуді нығайтуға және дамытуға мүмкіндік береді. Адалдық, әділдік және айналадағылардың амандығы – компанияның нарықта ашық және адал қатысушы ретінде беделін нығайтуға бағытталған ҚБМ құндылықтарын көрсететін қасиеттер.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: