Главная Новости Қаражанбаста 59 миллионыншы тонна мұнай өндірілді
10 тамыз 2022, 09:20 1335

Қаражанбаста 59 миллионыншы тонна мұнай өндірілді

Қаражанбаста 59 миллионыншы тонна мұнай өндірілді

Қаражанбас кен орнында 59 миллионыншы тонна мұнай өндіріліп, кезекті тарихи межеге жетті. Бұл маңызды оқиға Бозашы түбегінің ең ірі және бірегей аудандарының бірін бағындырған мұнайшылардың 40 жыл бойғы үздіксіз дамуының, қажырлы еңбегінің нәтижесі.

Биыл, 19 ақпанда, қаражанбастықтар 58 миллионыншы тонна мұнай өндірген еді. Содан бері кезекті миллион тонна мұнайға 171 күнде қол жеткізіп отырмыз. Жұмысшылар күнделікті, үздіксіз, қажырлы еңбек ете отырып, жаңа белесті жақындатты. «Қаражанбасмұнай» АҚ басшылығы, геологтар, операторлар, бұрғышылар, құрылысшылар, көлік қызметкерлері үшін 59 миллионыншы тонна мұнай – компания дамуындағы маңызды кезең.

«Бүгін таңғы сағат 8-де біздің геологтар мұнай өндірудің кезекті көрсеткішін тіркеді. Бұл кәсібиліктің, мол тәжірибенің, ұйымшылдықтың және бүкіл ұжымның мызғымас ерік-жігерінің арқасы. Соңғы 20 жыл ішінде жыл сайынғы мұнай өндіру 2 миллион тонна мұнай деңгейін сақтап, технологиялар арқасында ұңғымаларды бұрғылаудың тиімділігі үнемі өсіп келеді. Біздің тіпті күрделі жерлерде де мұнай өндіруге мүмкіндігіміз жетеді», – деп атап өтті ҚБМ Басқармасы.

Көмірсутектік қоспалар қорларын қайта есептеу қорытындысы бойынша Қаражанбас кен орнының геологиялық қорлары мол, сондықтан өндіру көлемін арттыру жалғасуда. Геологтардың болжамы бойынша, ОПЕК+ шектеулері мен пандемиядан кейін мұнай өндіру қарқынын қалпына келтіруді ескере отырып, 2023 жылғы қаңтардың соңында Қаражанбаста 60-миллион тонна мұнай өндіріледі.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: