Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қаражанбас жұмысшылары үшін мұсылманның ұлық мерекесі құрбан айтты ерекше атап өту дәстүрге айналған. Мұнайшылар биыл да әр цех аумағында құрбандық шалып, қайырымдылыққа атсалысып, рухани әңгімелермен сусындады.
«Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысышыларының жергілікті кәсіподағы» ҚБ-нің ұйымдастырған спорт додасы мереке ажарын аша түсті. Мұнайшылар екі күн бойы боз кілемде белдесіп, кір тасын көтеру мен арқан тартудан мықтыларды анықтады. Қатысушылардың әрқайсысы жеңісті қолдан бермеуге тырысып, өз цехы мен жанкүйерлер үмітін ақтауға барын салды.

«Құрбан айт – адамдарды қайырымдылық пен мейірімділікке, достыққа шақыратын мереке. Вахтада болсақ та, таң атысымен құрбандық шалып, мұсылмандық міндетімізді орындауға тырыстық. Спорттық жарыстар да тартысты өтті. Барлық еңбек ұжымын мұсылманның ұлық мерекесімен құттықтаймыз», – деді қаражанбастықтар.

Қорытындыға сәйкес, кір тасын көтеруден технологиялық көлік департаментінің жүргізушісі Қанжар Сыдықов үздік деп танылды. Қазақша күресте ұңғымаларды жерасты күрделі жөндеу цехының бұрғышы көмекшісі Шалқар Жәңгірхан І орынға лайық деп танылды. Ал арқан тарту сайысында ТКД командасы шашасына шаң жұқтырмады. Жүлдегерлер мен жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлық сертификаттары табыс етілді.

10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
237
06 мая 11:49
АлЭС: Живые встречи - реальные перспективы