Главная Новости Қаражанбаста су тұщыту зауыты іске қосылады
29 қазан 2020, 09:23 983

Қаражанбаста су тұщыту зауыты іске қосылады

Қаражанбаста су тұщыту зауыты іске қосылады

Қаражанбас кен орнындағы су тұщыту зауытын 2020 жылдың 1 тоқсанында іске қосу жоспарланып отыр. Зауыт көп сатылы тазалау және кері осмос көмегімен минералсыздандыру технологияларын қолдана отырып, қойнауқат суларын қайта өңдейді. Ал тұщытылған судың көлемі тәулігіне 17 мың м3 дейін жететін болады.

Бүгінде Қаражанбас тәулігіне Еділ өзенінен Астрахан-Маңғыстау су құбыры арқылы келетін 17,5 мың м3 су көлемін пайдалануда. Су тұщыту зауытын іске қосу кен орнын сумен қамтамасыз етіп, Маңғыстау облысы тұрғындарының қажеттіліктері үшін айтарлықтай су көлемін босатуға мүмкіндік береді. Бұған қоса құрылыс аяқталғаннан кейін 50 шақты жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Сонымен қатар, кәсіпорынды іске қосу ҚБМ бірқатар технологиялық мәселелерін шешуге ықтимал етеді. Атап айтқанда, 2021-2035 жылдары аралығында ҚБМ кен орнындағы мұнай өндірісін кемінде 700 мың тоннаға арттыруды, ұңғымаларды күрделі және жерасты жөндеуді азайтуды, грифондардың пайда болуын шектеуді жоспарлап отыр.

Зауытты іске қосу мерзімі құрылыс үшін қажетті қондырғыларды жеткізуге кедергі келтірген коронавирус пандемиясына байланысты биылғы желтоқсан айынан 2021 жылдың 1 тоқсанына шегерілгенін айта кеткен жөн.

Қазіргі уақытта ҚБМ жалпы көлемі 350 гектарды құрайтын мұнаймен тарихи ластанған жерлерді тазарту бойынша іс-шараларды жүзеге асыруды жалғастыруда. ҚБМ оның 143 гектарын тазалап қойды. Сонымен қатар, компания Каспий теңізінің жағалауы аймағында 1970 жылдардың аяғында бұрғыланған 11 ұңғыманы жапты және уақытша сақтау полигонындағы 180 мың тонна қалдықты кәдеге жаратты.

ҚБМ табиғат қорғау шараларына, соның ішінде полигондағы қалдықтарды қайта өңдеуге және кәдеге жаратуға жыл сайын ауқымды қаржы бөледі. Оның көлемі 2016 жылы 168 млн теңгені құраса, үстіміздегі жылы 479 млн теңгеден астам қаржы жұмсау жоспарланып отыр.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: