Главная Новости Қаражанбаста тарихи ластанған жерлер қалпына келтірілуде
20 қазан 2021, 09:57 1265

Қаражанбаста тарихи ластанған жерлер қалпына келтірілуде

Қаражанбаста тарихи ластанған жерлер қалпына келтірілуде

«Қаражанбасмұнай» АҚ әлеуметтік жауапты компания ретінде табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғауға ерекше назар аударады. Осылайша ҚБМ-да экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ арасындағы меморандум аясында мұнаймен ластанған топырақты өңдей отырып, тарихи ластанған жерлерді қалпына келтіру жұмыстары басталды.

Қаражанбас кен орнының аумағында Кеңес кезеңінен бері мұнаймен ластанған учаскелер, үш жер үсті және бір теңіз қоймасы қалды. Қазір теңіз қоймасы бойынша микробиоремидиация әдісімен тарихи ластанған жерлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінде ауданы 1,64 гектар құрайтын осы учаскеде мердігер компания жұмысшылары мұнаймен ластанған топырақты алып, өңдеуге дайындайды. Кейін толық қалпына келтіру үшін қайта өңделген топырақ әкелінеді.

«1980 жылы кен орнымызды игеру басталған кезде табиғатты қорғау стандарттарына көзқарас басқаша болды. Ол кезде мұнаймен ластанған топырақты кәдеге жарату және бүлінген жерлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмеген, төгілген мұнай жай топырақпен жабылған. Алайда қазір бәрі басқаша. Топырақты бастапқы деңгейге жеткізу үшін тарихи ластанған жерлерлі қалпына келтіру маңызды», – деді Қоршаған ортаны қорғау тобының аға инженері Ғалымжан Есқалиев.

Тарихи ластанған жерлерді қалыпқа келтіру жұмыстары 1,07 гектар үш жер үсті қоймасы мен мұнаймен ластанған 185,12 гектар жерлерде де жүргізіліп жатыр. Аталмыш учаскелер бойынша бірінші кезең – амбар бетінен қалдықтардың сұйық фракцияларын жинау және ортафигуралау әдісімен қайта өңдеуге дайындауды қамтиды. Яғни, сұйықтықтар мен механикалық қоспалар бөлінеді. Осы әдісті пайдалану мұнай фракцияларын шығарып алуға және оларды одан әрі «қосымша дайындау» битум, май өндіру үшін шикі мұнайды тасымалдау жолымен экономикалық айналымға қайтаруға мүмкіндік береді.

«Екінші кезең – топырақты жаңа технология бойынша тазарту. Сұйық фракцияны өңдеу аяқталғаннан кейін амбар түбіндегі ластанған топырақ тазартылады. Бұл әдіс арқылы электромагниттік өрістің тербелістері әсерінен топырақ бетінде белсенді радикалдар пайда болып, көмірсутек тізбектерін бұзады. Ол өңдеудің қысқа кезеңімен, қоршаған ортаға аз әсер етумен, компоненттерді жағуды өңдеуге арналған алаңдар қажеттілігінің болмауымен ерекшеленеді» – деді мердігер компания өкілі.

Айта кету керек, Қаражанбаста 2011-2014 жылдар аралығында биологиялық ремедиация әдісімен 101,1 гектар тарихи ластанған жерлер жойылды. ҚБМ 2024 жылдың соңына дейін осындай барлық учаскелерді толық тазартып, тарихи ластанған жерлерді бастапқы қалпына келтіруді жоспарлап отыр.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: