Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қаражанбас кен орнында ерекше арт-жобапайдалануға берілді. Мұнайшылар мерекесіне орай технологиялық көлік департаментінің №1 гаражы алдына арнайы техникаға жалғанған аялдама қойылды. Көлік қызметкерлерінің идеясынан пайда болған туындыны пайдалану жабдықтарын икемдеу жөндеу және құрылыс-жөндеу цехының мамандары бірлесе жасады.
Алдымен пайдалану мерзімі аяқталған ескі Краз көлігінің кабинасы таңдалып, оны әрлеу жұмыстары қолға алынды. Кейін құрастырушылар мен дәнекерлеушілер темірден аялдама жасап, арнайы техникамен біріктірді. Көлік қызметкерлері жұмыс орнына тасымалдайтын автобусты күтетін орын қыста пана, жазда сая болатынына қуанышты. Жұмысшылар креативті аялдама тек гараж маңына көрік беріп қана қоймай, ерекше көңіл-күй сыйлайтынын айтады.
«Әріптестермен ортақ шешімге келіп, осындай жоба жасауды ұйғардық. Ол үшін Краз көлігінің таңдалуы да бекер емес. Бұл кен орнына ұзақ жыл еңбек еткен техника. Қазір зауыттан шығарылмайды. Сондықтан тарихи техника ұмыт қалмасын деп, ерекше аялдамаға айналдыру туралы идея пайда болды. Бұл көлік қызметкерлері атынан мұнайшылардың кәсіби мерекесіне тарту десек те болады»,- деді Өндірістік басқарма директорының көлік жөніндегі орынбасары Мұзафат Тлембаев.
Өндірістік басқарма арт-жобаны жасауға атсалысқан мамандарға алғыс білдірді. Оларға мерекеге орай Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етілді. Қазір көпшілктің көңілінен шыққан аялдама жанында естелікке суретке түсушілер көбейген.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
49
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
57
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы