Главная Новости Қаражанбастағы тәжірибе: Студенттердің кезекті легі вахта ауысымына келді
12 ақпан 2022, 13:00 1508

Қаражанбастағы тәжірибе: Студенттердің кезекті легі вахта ауысымына келді

Қаражанбастағы тәжірибе: Студенттердің кезекті легі вахта ауысымына келді

Биыл «Қаражанбасмұнай» АҚ мен Шахмардан Есенов атындағы университет арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында тәжірибеге бағытталған оқу жалғасын тапты. Университет пен колледждің 18 студенті Қаражанбас кен орнында мұнай өндіру операторы, ұңғымаларды зерттеу операторы, электромонтер, слесарь, инженер-технолог және тағы басқа 11 мамандық бойынша өндірістік тәжірибеден өтеді.

Студенттердің алғашқы легі бірінші вахта ауысымына келді. Олар алдымен мұнайшылардың арнайы киімін киіп, қауіпсіздік техникасы ережелерімен танысты. Өндірістік басқарма басшылығы тәжірибеден өтушілерді цехтарға бөліп, жұмыс барысында жетекшілік ететін тәлімгерлер бекітті. Тәжірибе кезінде студенттердің теориялық дайындығы ғана емес, олардың жеке қасиеттері де бағаланады.

«Тәжірибеге бағытталған оқыту – техникалық мамандарды тәрбиелеудің тиімді жолы. Былтыр келген студенттер оқумен қатар, кен орнында да жақсы нәтиже көрсете отырып, мол тәжірибе жинап, дайын маман болып шықты. Біздің компания жастарға кәсіби білікті болуына зор мүмкіндік жасап отыр. Болашақ мұнайшылар өндірістік объектілерде кен орнымыздың жұмыс ерекшеліктерімен және технологиялармен танысады», – деді ӨБ директорының орынбасары Кәрім Бозахаров.

Студенттердің тәжірибеден алаңсыз өтуі үшін барлық жағдай жасалған. Олар да өз кезегінде теориядан түйгенін тәжірибе кезінде паш етуге дайын.

«Біз кен орнына алғаш рет келдік. Теория мен тәжірибенің айтарлықтай айырмашылығы болады. Сондықтан маман ретінде қалыптасу жолында облысымыздағы маңдайалды кен орнында тәжірибеден өту мүмкіндігі бұйырғанына қуаныштымыз. Кәсіби мамандардан тез үйреніп, жақсы нәтиже шығаруға барымызды саламыз», – дейді тәжірибеден өтушілер.

Өндірістік процеске белсенді кірісіп кеткен студенттер оқу жылының соңына дейін вахталық әдіспен жұмыс істейді. Шеберлік мол тәжірибемен келеді. Сондықтан студенттер Қаражанбастың өндірістік объектілерінде мұнай ісінің барлық қыр-сырын меңгере алады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: