Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
"Маңғыстаумұнайгаз" компаниясының жастары қазақ мұнайының 120 жылдығы мен Қаламқас кенорнының 40 жылдық мерейтойы барысында аға буын ардагерлерді арнайы құттықтауды да ұмытпады. Мереке қара алтын игерудің майталмандары болған тоқсан ардагерді марапаттаумен басталып, сәні мен салтанаты жарасқан жиналысқа ұласты.
Одан кейін өндіріс жастары алғаш мұнай ашушылардың қатарында болған, Ұлы Отан соғысының ардагері Қамқа Үмбетәліқызының үйіне барып, ардагер мұнайшының омырауына Қазақстан мұнайының 120 жылдық төсбелгісін тақты. Мұнан кейінгі құттықтау Әділ Нұрмановтың үйінде жалғасты. Көнекөз мұнайшы жастарды ерекше ықыласпен қарсы алды.
"Сіздерге үлкен рахметімді айтам. Біздің үлкейіп қалғанымызға қарамай мереке күндері келіп, құттықтап жатсыңдар. Көп жасаңдар",- деп жастарға батасын берді ақсақал.
Сала жастары 1961 жылы өлкенің тұңғыш мұнай ашушыларының бірі болған Нұрмұхан Қанатбаевты да құттықтап, төсбелгі тақты.
Жастардың ыстық ықыласы мен өнер шашуына ардагерлер дән риза болды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
63
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
68
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы