Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Зауытта болған өрттің барлық салдары жойылды, деп хабарлады «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
ҚазГӨЗ директоры Нақберген Төлепов қысқа мерзім ішінде зауытты толық қуатта іске қосу үшін қандай жұмыстардың атқарылғаны туралы айтып берді.

Оның айтуынша, қалпына келтіру жұмыстарына үш ауысыммен тәулік бойы жұмыс істеген 75 маман жұмылдырылды. Зиян келтірілген конструкция мен қосалқы жабдықтың бөліктерінің демонтажы жүзеге асырылды. Жаңа радиаторлар, жылу алмастырғыштар, желдеткіштер, электр қозғалтқыштары ауыстырылды, электр сымдары жүргізілген.
«Ұжымның үйлесімді іс-әрекеті мен «ҚазМұнайГаз» қолдауының арқасында өрт салдарын толық жойып, кәсіпорын жұмысын қалпына келтірдік», – деп атап өтті Нақберген Төлепов.
Жүргізілген жұмыстар 100 пайызға шикі газды қабылдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Зауыт қалыпты технологиялық режимге шықты – сағатына 95-100 мың текше метр газ.
Еске сала кетейік, 16 маусымда Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 23.15 Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында орналасқан «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС компрессорлық цехының ауа тоңазытқышында өрт шықты. Өрт сағат 23:52-де толық жойылды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында Басқарма төрағасы Алик Айдарбаевтың басшылығымен жедел штаб жұмыс істеуде.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
68
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
77
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы