Главная Новости Қазақойл альпинисі: Шыңға шығу үшін де шыңдалу керек
23 қазан 2024, 17:49 49

Қазақойл альпинисі: Шыңға шығу үшін де шыңдалу керек

Қазақойл альпинисі: Шыңға шығу үшін де шыңдалу керек

Күнделікті жұмыс, белсенді демалыс және жақсы көретін іспен айналысу. Осы үш таған бір-біріне байлаулы. Өйткені тек жұмыс деп жүгіре беру адамды қажытып, оның дамуына, өмірден рухани ләззат алуына мүмкіндік бермейді. Ал қоғамға пайдалы болу үшін адам өзін барлық жағынан сынап көруі тиіс. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз – "Қазақойл Ақтөбе" ЖШС-нің бас эколог маманы Артур Агадиев. 

Артур мұнай өнеркәсібі саласының маманы. Бос уақытында спортпен шұғылданып, тауға шыққанды ұнатады. Шыңдарды бағындыру – оның бала күнгі арманы.

– Қай-қай нәрсе де бастапқыда оңай болмайды, бәріне шыдамдылық, табандылық секілді қасиеттер қажет. Арманыңа адал, мақсатыңа бекем болсаң, уақыт өте келе діттеген жеріңе жетесің, – дейді “Қазақойл Ақтөбе” ЖШС қызметкері Артур Агадиев.

«Қазақойл Ақтөбе» серіктестігі Ақтөбе облысындағы мұнай-газ өндіру секторының ірі компаниясы және мұнай өндіру, әлеуметтік және корпоративтік жауапкершілік саласында көшбасшылардың бірі де бірегейі.

Артур өзі еңбек ететін ұйымды, ондағы әріптестерін құрметтейді. Салауатты өмір салтын сақтау арқылы әріптестеріне үлгі көрсетеді. Ол еңбек демалысында Алатауға жиі барады, 3950 м биіктегі Хрищатов шыңына, 4000 м биіктегі Октябренок шыңына көтерілген. Шыңға шығу ыждағатты дайындықты қажет ететіні сөзсіз ғой.

– Экспедицияға бірнеше ай бұрын әзірленесің. Күнбе-күн жаттығудан қалмай жүргеніңмен, өзіңе қатты сеніп кетуге де болмайды. Сондықтан экспедиция күні жақындағанша физикалық жүктемені арттырып отырасың, – дейді кейіпкеріміз. 

Бірақ физикалық дайындықтан бөлек, биіктік факторы деген ұғым бар. Ол – ағзаның жаңа биіктікке үйренісуі, ауа қысымына төзу деңгейі. Оның үстіне көпшілікке белгілі акклиматизация дегенің тағы бар. Сондықтан альпинистер биік-биік жоталарға шығарда асықпай жүреді. Мұның бәрі дененің ауа қысымына үйренісуі үшін керек. 

Артурдың бір арманы Еуропадағы және Ресейдегі ең биік шың саналатын Эльбрусқа шығу еді, ол арманына да жетті. Теңіз деңгейінен 5642 метр биіктегі шыңға кез келген альпинист шыға алмайды. Статистика бойынша жылына осы жолда, Кавказ тауларының жоталарында  15-20 адам көз жұмады. Бірақ Артурдың табандылығы мен ерік-жігері бәрін жеңіп шықты. Өршіл рухқа дауа бар ма! 

Артур Агадиев секілді үлгілі жастың “Қазақойл Ақтөбе” ЖШС-де қызмет компания үшін де мерей. Өйткені әлемнің биік-биік шыңдарында Артурмен бірге “Қазақойл Ақтөбе” компаниясының да туы желбірей бермек! 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: