05 қараша 2024, 09:20 569
Қазақстан – Франция іскерлік кеңесінде «Самұрық-Қазына» бес құжатқа қол қойды
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Парижде бірқатар маңызды кездесулерге қатысты.
Парижде француз ұйымдары мен Қордың портфельдік компаниялары арасында бірқатар келісім жасалды:
- ҚТЖ және Societe Generale: Alstom электровоздарын сатып алуды қаржыландырудың негізгі шарттары туралы келісім
- ҚТЖ-Жүк тасымалы және «ЭҚЗ» ЖШС Alstom компаниясымен: Қосымша келісім бойынша Alstom Қазақстанға 2028 жылға дейін 117 локомотив жеткізеді
- KEGOC және ASSYSTEM: Қазақстанның ұлттық электр желісінің тұрақтылығы мен тиімділігін арттыру бойынша серіктестік орнату және көмек көрсету туралы келісім
- ҚазМұнайГаз және Axens: Қазақстанда SAF өндірісі бойынша жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастыру туралы келісім
- Қазатомөнеркәсіп және Orano S.A.: Қазатомөнеркәсіп пен Orano S.A. арасында білім беру саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум.
Атап айтқанда, Қазатомөнеркәсіп пен оның еншілес ұйымы - «Үлбі металлургия зауыты» қызметкерлерінің технологиялар мен технологиялық процестер саласында тағылымдамадан өту мүмкіндігі қарастырылады.
Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!