Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Societe Generale — Францияның банк нарығындағы «үлкен төрттігіне» кіретін қаржы конгломераты.
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Парижде Societe Generale топ-менеджері Илья Поляковпен кездесті.
Тараптар серіктестік мәселелерін талқылады. Қазақстан Президентінің Францияға сапары аясында «Самұрық-Қазына» мен Societe Generale арасында келісімге қол қою жоспарланған.
Societe Generale — Францияның банк нарығындағы «үлкен төрттігіне» кіретін қаржы конгломераты.
Еске салайық, Қазақстан–Франция іскерлік кеңесінде «Самұрық-Қазына» бес құжатқа қол қойды. Парижде француз ұйымдары мен Қордың портфельдік компаниялары арасында бірқатар келісім жасалды:
Атап айтқанда, Қазатомөнеркәсіп пен оның еншілес ұйымы - «Үлбі металлургия зауыты» қызметкерлерінің технологиялар мен технологиялық процестер саласында тағылымдамадан өту мүмкіндігі қарастырылады.