Главная Новости Қазақстан атом энергиясы дағдарысын қалай еңсерді? Қазатомөнеркәсіп тәжірибесі
08 қазан 2020, 10:30 2401 Анель Абулхаирова

Қазақстан атом энергиясы дағдарысын қалай еңсерді? Қазатомөнеркәсіп тәжірибесі

Қазақстан атом энергиясы дағдарысын қалай еңсерді? Қазатомөнеркәсіп тәжірибесі Фото: sknews.kz

28 қыркүйекте Қазақстанда Атом саласы қызметкерлері күні аталып өтті. Кәсіби мереке Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 12 мамырдағы Жарлығына сәйкес пайда болды.

Бүгінде атом өнеркәсібі экономиканың бәсекеге қабілетті және технологиялық дамыған салаларының бірі болып табылады. "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ - уран, сирек металдар, атом электр станцияларына арналған ядролық отын импорты мен экспорты бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық операторы мәртебесіне ие.2010 жылдан бері компания табиғи уран өндіру бойынша әлемдік көшбасшы болып табылады.

20 000 адамнан тұратын «Қазатомөнеркәсіп» ұжымының еңбегінің арқасында еліміз бейбіт атом энергиясының қажеттіліктерінің 40%-дан астамын қамтамасыз етуде және атом электр станциялары жұмыс істейтін әлемнің барлық дерлік мемлекеттеріне өз өнімдерін жеткізеді.

2018 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өз ұстанымын өзгертіп, алдағы 10 жылдағы дамуының жаңа страте­гия­сын қабылдаған болатын. Компания енді елдегі уран қорларын қазіргі және болашақ ұрпақ үшін еліміздің құнды активіретінде қарастырып, өндіріс көлемін ұлғайтпайтынын мәлімдеді.

Содан бері арада өткен 3 жыл уақыт компанияның таңдаған бағыты дұрыс болғанын айқын аңғартты. Соның бір дәлелі – Қазатомөнеркәсіп әлемдегі ең ірі уран өндіруші ғана емес, сонымен бірге ең ірі сатушыға да айналып отыр. 2018-2019 жылдары компания әлем бойынша барлық сұраныстың 23%-ын қамтамасыз етті. Биылғы меже де бұл мөлшерден кем емес.

Қазатомөнеркәсіптің даму стратегиясын бұлайша түбегейлі басқа арнаға бұруына қандай алғышарт болды және ол отандық уран өндірісі мен өнеркәсібіне қалай әсер етті? Компания келешекке қандай жоспар құрып отыр? SK News әңгімелейді.

ДАМУ ЖӘНЕ ДАҒДАРЫС

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 1997 жылы құрылған болса, арада 13 жыл өткенде әлемдегі табиғи уран өндіруші елдердің көш басына шықты және содан бері бұл тұғырынан түскен емес. Ал ураннан жасалатын отын атом электр стансаларында қолданылады. Енді есептеп көріңіз, әлемдік электр энергиясының шамамен 10 пайызын АЭС өндіреді десек, қанша отын қажет? Бұл нарықты толтыруда Қазақстанның орны зор екенін осыдан-ақ аңғаруға болады.

Рас, жаңа мыңжылдықтың алғашқы он жылдығында уран нарығында сұраныс көлемі жоғары болды. Алайда, 2011 жылы Жапонияда жойқын жер сілкінісі мен цунамиден кейін «Фукусима» АЭС-нда апат орын алды. Ол тек бұл елдің экономикасына зиян келтіріп қоймай, әлемдік деңгейдегі антиядролық пікірталасты туғызды. Бұл табиғи уранға деген сұранысты төмендетіп, Қазақстан секілді уран өндіруші елдерге оңай соқпады. Еліміз алғашқы жылдары уран өндірісін шектеген жоқ. Нәтижесінде табиғи уран қоры арта берді, ол тіпті 2016 жылы рекордтық деңгей – 24,6 мың тоннаға жеткен. Өзге уақытта бұл бөрікті көкке атар қуанышты жаңалық болар ма еді. Алайда, 2015-2017 жылдары Қазатомөнеркәсіп өнімінің ширек бөлігі сұранысқа ие болмай қалды. Бұл – уран өндірісіндегі әлемдік дағдарыстың салдары.

2016 жылы уранның бір фунты 18 АҚШ долларына дейін төмендеді (салыстыру үшін: 2007 жылы бір фунт уран бағасы 138 АҚШ доллары болған). Сәйкесінше, уран экспорты көлемі де азайды. Айталық, 2015 жыл мәресінде Қазақстанның уран қоймаларында 3 мың тонна қалдық қалса, 2017 жыл соңында оның көлемі 9 мың тоннаға жетті (өсім 3 есе).

Мұның бәрі, әрине, қазақстандық уран нарығына серпін берер жаңа бағыт қажеттігін айқын аңғартты.

УРАН – ҰРПАҚҚА МҰРА

Қазатомөнеркәсіп табыстылықты арттыру жұмысын барлық күшті өзінің негізгі қызметіне шоғырландырудан бастады. Бұл өзге елдермен бірлескен кәсіпорындардағы компанияның үлесін арттыру деген сөз. Әлбетте, ол оңай шаруа емес, келіссөздер жылдарға созылды. Дегенмен, Қазатомөнеркәсіп 2020 жыл басына қарай жалпы алғанда 732 мың тонна уранды құрайтын Қазақстандағы келісім­шарт­талған қорлардағы үлесін 50%-дан 65%-ға жеткізе алды. Мұндай құрылымдық өзгерістер еншілес кәсіпорын санын 2 есе (82-ден 40-қа) қысқартуға мүмкіндік берді.

«Біз негізгі бизнеске деген көзқарасты түбегейлі өзгертуді және өндіріс көлемін ұл­ғай­тудың орнына нарыққа бағдар ұс­тан­ған тәсілді қабылдадық. Өзіміздің марке­тинг және сату тобымызды нығайтып, на­рықты терең талдау негізінде шешім қабылдауға кірістік. Компания трейдерлер мен делдалдарға уран сатуды тоқтатып, уран­ның түпкі тұтынушылары саналатын энер­гетикалық компанияларды – АЭС операторларын таңдадық», - дейді «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов.

Компания 2017 жылы тұңғыш рет уран өндіруді қысқартатынын мәлімдеді. Мұндағы мақсат – сұраныс пен ұсынысты теңестіру. Ал қабылданған шешім – 2017 жылғы өндіріс деңгейін сақтай отырып, 2018-2021 жылдары өндірісті 20%-ға (жер қойнауын пайдалануға арналған шарттарда көрсетілген деңгейден) төмендету болды.

Есесіне маркетинг пен сату қызметіне күш салып, 2018 жылы компания ең ірі уран өндіруші ғана емес, сонымен бірге әлем­дегі ең ірі сатушыға айналды. Дәл осыжылыкомпаниятарихындатабиғиуран­ныңрекордтықкөлемісатылды. Егер 2015-2017 жылдарыкомпанияныңәлемдікнарық­тағыүлесі 14%-дан аспаса, 2018 және 2019 жылдарыҚазатомөнеркәсіптіңүлесібарлықсұраныстың 23%-ын қамтамасыз етті.

Бұл ретте «өндірісті шектей отырып, сату көлемін қалай арттыруға болады?» деген сұрақтың тууы заңды. Алайда, бұл сауалға сәл бұрын жауап беріп қойдық: Қазатомөнеркәсіп өндіріс көлемі жоғары болған жылдары қоймаларда жиналған дайын өнімді сату арқылы өз капиталын жақсарта білді.

Қазатомөнеркәсіп өндірістен бөлек, сату нарығында да сара жол таба білді. Әлемде 441 реактор бар болса, солардың 300-ден астамын пайдаланушылар – Қазатомөнеркәсіп тұтынушылары. 2019 жылдың өзінде экспорт географиясы 2 мемлекетке кеңейіп, сату портфелі 6 жаңа компаниямен толыққан.

Ал биылғы жаңалық – Аргентина нарығы. Компания бұл елдегі «Dioxitek» компаниясымен табиғи уран жет­кізу туралы коммерциялық келісім жасады. Жалпы, Қазатомөнеркәсіп соңғы жылдары Бразилия, Испания, Швеция сынды елдердің нарығына енген.

Компания табиғи уранның халықаралық нары­­ғында қатысу үлесін арттырумен қатар,жоғары бөлістегі өнімдерді – уран гексафториді мен төмен байытылған уран сатуға кіріскенін атап өткен маңызды.

Жаңа бағыт аясындағы жұмыстың тиімділігін компания табысының артуынан көруге болады. Сандарды сөйлетсек, 2019 жылы түзетілген таза пайда 142 млрд теңгені құраған (салыстыру үшін: 2017 жылғы көрсеткіш– 31 млрд теңге). Сондай-ақ, Қазатомөнеркәсіптің салық төлемдерінің мөлшері де жыл сайын өсіп келеді:

2017 жылы – 72 млрд тең­ге­;

2018 жылы – 99 млрд теңге;

2019 жылы – 127 млрд теңге.

ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП ІРО-сы

Компания 2018 жылдың қарашасында өзінің 15% акциялары мен ғаламдық депози­тар­лық қолхаттарын Лондон қор биржасы мен «Астана» халықаралық қаржы орта­лы­ғының биржасында орналастырды.

Қазатомөнеркәсіп ІРО-сы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның портфелдік компаниялары арасындағы халықаралық капитал нарығындағы алғашқы IPO және 2018 жылы Лондон қор биржасындағы ТМД елдерінің ең ірі IPO-сы ретінде бағаланды.

«Самұрық-Қазына» АҚ Қазатом­өнеркәсіптің 25% акциясын сатудан ша­мамен 790 млн АҚШ долларын алып, Ұлт­тық қорға аударды.Сонымен қатар соңғы үш жыл ішінде Қазатомөнеркәсіп жалпы сомасы 340 млрд теңге болатын дивиденд төледі. Бұл ретте ком­пания қарыз деңгейін төмендетуді де жалғастырып жатқанын айта кеткен жөн. Егер 2018 жылы компанияның қарызы 580 млн АҚШ долларын құраса, 2019 жылы ол 421 млн АҚШ долларына дейін азайды. Компания қарызын одан әрі айтарлықтай төмендету бойынша жұмыстар атқаруда», - дейді «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов.

ТӨМЕН БАЙЫТЫЛҒАН УРАН БАНКІ

Қазатомөнеркәсіп 2019 жылғы желтоқсанда АЭЖХА бақылауындағы Төмен байытылған уран банкіне жеткізілімдердің жартысына жуығын жүзеге асыру құқығына ие болды. Бұл – халықаралық жеткізушілер арасында өткізілген ашық тендердегі компанияның жеңісі саналады.

Түсінікті болу үшін айта кетейік, Төмен байытылған уран банкі ел Үкіметі мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік арасындағы келісім нәтижесінде 2017 жылы Өскемендегі Үлбі металлургиялық зауытының базасында құрылған болатын. Уранның бұл түрі оңтүстік өңірлерде өндірілетін уран тотығына қарағанда жоғары бөліс нәтижесіндегі өнім саналады. Ал Үлбі металлургия зауыты әртүрлі қай­та бөлістің радиоактивті материалдарын, оның ішінде төмен байытылған уран­ды сақтау тәжірибесіне ие. Міне, осы ТБУ банкіне жеткізушілерді таңдау коммерциялық негізде жүргізілсе, оның басым үлесіне Қазатомөнеркәсіп ие болды.

ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАМҚОРЛЫҚ

Компания өз қызметінде озық халықаралық ESG (экологиялық, әлеуметтік жауапкершілік, корпоративтік басқару) тәжірибесін қолданады. Оның маңызы зор. Өйткені, тұтынушылар жеткізушілер мен се­рік­тес­тер­ді таңдау кезінде ESG мәсе­ле­ле­ріне ерекше назар аударады. Ал жоғарыда атап өткеніміздей, әлемдегі 441 реактордың 300-ден астамын пайдаланушылар – Қазатомөнеркәсіп тұтынушылары екенін ескерсек, компанияның өз міндеттемелерін қандай жоғары деңгейде орындап отырғанын анық байқайсыз.

Ядролық энергияның көмір, мұнай және табиғи газ сынды отын түрлерімен салыстырғанда атмосфераға парник газдарын және түрлі зиянды заттарды шығармайтынын былай қойғанда, Қазатомөнеркәсіп өзге экологиялық жобаларды да жүзеге асырады.

Биыл компания Кеңес Одағы дәуірінен бері Үлбі металлургиялық зауытының жұ­мы­сы кезінде пайдалануға жарамсыз болып қалған және ерекше өңдеуді қажет ететін ғимараттар мен құрылыстарды бөлшектеу мен көму жұмыстарын бастады.

ЖАҢА ЖОСПАРЛАР

Табиғи уран тікелей электр қуатын өндіретін отын ретінде қолданылмайды. Оны кеннен ажыратып, өңдеудің бірнеше кезеңінен өткізу керек. Бұл –ядролық отын циклы аталады.

Оның тех­ни­ка­лық мүмкіндіктерін да­мыту аясында Қазатом­өнер­кә­сіп 2020 жылы канадалық Cameco компаниясынан уранды қайта өңдеу мен конверсиялаудың бірегей техно­ло­гиясын алды. Бұл компанияға «ҮМЗ» АҚ базасында жылына 6 мың тонна қуатқа ие аффинаждау зауытының құрылысы жобасын бастауға мүмкіндік береді. Әлемдегі ең озық саналатын бұл технология сұйық радиоактивті қалдықтардың тасталуын бол­дырмау және табиғи уранды қайта өң­деу кезінде қауіпті химиялық заттарды тұ­ты­нуды төмендету есебінен Қазақс­танда қол­данылатын жоғары эколо­гия­лық стан­дарт­тарға сәйкес болуымен ерек­ше­ле­не­ді.

«Қолымыз жеткен бірегей конверсия­лау технологиясының көмегімен Қаз­атом­өнер­кәсіп болашақта қолайлы нарық­тық конъюн­ктура басталған кезде уранды кон­версиялау бойынша өз қуаттарын құра алады.Өскеменде қытайлық АЭС-терге арнал­ған, байытылған уранға шаққанда, қуаты жылына 200 тонна болатын отын қондыр­ғы­ларын шығаратын зауыт құрылысы жал­ғасуда. Аталған жобаға Франциядан, Гер­маниядан және Қытайдан жабдықтар өнді­ру­шілер тартылғандықтан бүкіл жаһанды жаулаған пандемия салдарынан зауытты іске қосу мерзіміне өзгерістер енгізуге тура келіп отыр», - дейді «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов.

Қазатомөнеркәсіп сирек металдар – тантал мен бериллий маркетингін да­мытуға байланысты жұмыстарға көп көңіл бөле бастағанын атап өткіміз келеді. Сирек металдар мен олардың қоспалары бірегей физика-химиялық кешендік қа­сиет­тер­ге ие болғандықтан аспап жасау, машина жасау, металлургия, атом энергетикасы және медицинада кеңінен қолданылады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: