Главная Новости Қазақстан авиация саласындағы беделді сыйлықтың иегері атанды
13 қараша 2024, 16:20 245

Қазақстан авиация саласындағы беделді сыйлықтың иегері атанды

Қазақстан авиация саласындағы беделді сыйлықтың иегері атанды

Вашингтон қаласында (АҚШ) әлемдік авиация саласындағы негізгі оқиға болып табылатын жыл сайынғы Air Traffic Control Association (ATCA) 2024 конференциясы өтті. Іс-шара шеңберінде авиациялық саладағы үздік жетістіктерді дәстүрлі түрде атап өтетін беделді ATCA марапаттар бағдарламасы қарастырылды.

ATCA марапаттар бағдарламасы үш санатты қамтиды: әуе қозғалысына қызмет көрсету, индустрия және шағын бизнес, сондай-ақ әскери еңбек жетістіктері. Ұйымдастырушылар бар-жоғы 10 номинация ұсынды. «The David J. Hurley Memorial Award for Aviation Traffic Management» солардың бірі болып табылады. Ол әлемдегі әуе қозғалысына қызмет көрсету саласындағы үздік жетістіктерді атап көрсетеді. Жоғарыда аталған санатқа қатысу үшін 40-тан астам елден өтінім келіп түскен.

Жыл сайынғы ATCA конференциясының қорытындысы бойынша «The David J. Hurley Memorial Award for Aviation Traffic Management» номинациясында «Қазаэронавигация» РМК жеңімпаз болып танылды. Бұл ретте, 2023 жылы аталған санатта АҚШ Федералдық азаматтық авиация басқармасының (FAA) өкілдері үздік атанған болатын.

«Қазаэронавигация» РМК мамандары «Ақтөбе аудандық диспетчерлік орталығының жауапкершілік аймағында әуе қозғалысына қызмет көрсетуді жақсарту үшін динамикалық секторға бөлуді зерттеу және әзірлеу» тақырыбындағы жобаны ұсынып, ол үздік деп танылды. Ғылыми жұмыстың авторлары «Қазаэронавигация» РМК әуе қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі департаменттің әуе кеңістігін ұйымдастыру бөлімінің жетекші мамандары Нұрсұлтан Томпиев, Әсет Ахметбаев және Мәди Асылханов болып табылады.

Динамикалық секторға бөлу әуе кеңістігін оңтайландыруға, авиадиспетчерлерге түсетін жүктемені азайтуға және ұшу ақпараты ауданының әуе кеңістігінде өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді. Жобада Вороной диаграммасының әдісін пайдалана отырып, Ақтөбе ұшу ақпараты ауданының әуе кеңістігін уақытша бөлудің ғылыми тәсілі қолданылды. Аталған жоба табысты iске асырылған жағдайда, алдағы уақытта Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiндегi басқа да жауапкершiлiк аймақтарында динамикалық секторға бөлуді енгiзу кезiнде осы әдiснаманы қолдану мүмкiндiгі туындайды.

«Қазаэронавигация» РМК мамандары Қазақстанда алғашқы болып беделді халықаралық ATCA сыйлығын алып отыр. Бұл еліміздің авиация саласын дамытудағы және оның халықаралық аренадағы позициясын нығайтудағы тағы бір маңызды қадам болып табылады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: