Главная Новости Қазақстан мен ЕО көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
09 қазан 2024, 13:39 451

Қазақстан мен ЕО көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен ЕО көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

ҚР Көлік министрлігінде Вице-министр Талғат Ластаев жаңа тағайындалған Қазақстандағы Еуропалық Одақтың тұрақты өкілі Алешка Симкич ханымның кездесуі өтті, деп хабарлады Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.  

Кездесу барысында көлік саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелері, сондай-ақ өңірдегі көлік дәліздері мен инфрақұрылымдық жобаларды дамыту перспективалары талқыланды.

Кездесу барысында Көлік вице-министрі Алешка Симкич ханымды жаңа лауазымға тағайындалуымен құттықтап, Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы тығыз ынтымақтастықтың одан әрі дамып, маңызды нәтижелер беретініне сенім білдірді. Ерекше назар инфрақұрылым, логистика және сауда мәселелеріне аударылды, мұнда Еуроодақтың қолдауы Орталық Азиядағы неғұрлым интеграцияланған және өзара байланысқан экономиканы құруда шешуші рөл атқарады.

«Қазақстан, Орталық Азия және Еуропалық Одақ арасындағы серіктестік өте маңызды. Бұл байланыстарды нығайту, тұрақты даму және өзара өркендеуге бағытталған ортақ мақсаттарға негізделген», — деп атап өтті Көлік вице-министрі.

Ынтымақтастықты дамытудың маңызды қадамдарының бірі 2024 жылғы 12 маусымда Астанада іске қосылған Транскаспий дәлізін дамыту жөніндегі үйлестіру платформасының құрылуы болды. Бұл жоба Еуропа мен Азия арасындағы көлік байланыстарын едәуір жақсартып, тиімдірек және тұрақты логистиканы қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, 2024 жылғы 13 қыркүйекте Вице-министрдің төрағалығымен Қазақстанның мемлекеттік және жеке секторы, Еуроодақ пен G7 елдері, сондай-ақ ЕҚДБ және ЕИБ сияқты халықаралық қаржы ұйымдарының өкілдерінің қатысуымен онлайн-семинар өтті. Талқылау тақырыбы өңірдегі маңызды көлік жобаларын қаржыландыру және дамыту мүмкіндіктері болды.

Тараптар 2024 жылғы 3 қазанда Ашхабадта өткен үйлестіру комитетінің жоғары деңгейдегі екінші кездесуінің қорытындыларын да талқылады.

«Біз Еуропалық Одақпен ынтымақтастығымызды одан әрі нығайтуға, әсіресе автомобиль, теміржол және әуе байланыстарын жақсартуға үміттенеміз. Бұл, сөзсіз, Қазақстан мен Еуропа арасындағы сауда ағындарын қолдайды», — деп атап өтті Вице-министр.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: