Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы өткен жылы өндірісте жазатайым оқиғалардың санын төмендету мүмкіндігіне ие болды. Атап айтқанда мұндай оқиғалар 16%, есепке алынған оқиғалар 40%, уақытша еңбекке жарамсыз 20% азайған.
Бұл жағымды көрсеткіштерге «2021- 2025 жылдарға арналған жарақаттанушылықтың алдын алу» және «2022- 2026 жылдарға арналған өлімге әкелетін жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша шаралар жоспары» туралы техника-технологиялық бағыттағы мақсатты бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы қол жеткізілген. Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасады.
Жазатайым оқиғалардың алдын алудың ең тиімді құралдарының бірі ретінде қауіпті жағдайлар мен қауіпті әрекеттерді анықтау, қауіпті жұмыстарды тоқтату құқығын пайдалану үшін Іс-қимыл қауіпсіздігі диалогын (ПДБ) жүргізу болып отыр. «ҚТЖ» компаниясы бұл әрекеттерді ұдайы ынталандыру арқылы қолдап, дамытып келеді. Өткен жылы қызметкерлер қауіпті жағдайда жұмыстарды тоқтату құқығын 600-ден астам рет пайдаланса, 25 мыңнан астам қауіпті жағдайлар мен қауіпті қызмет түрлері анықталған.
Ал проактивті ПДБ құралын пайдаланғаны үшін өндірістік ұжымның 384 қызметкері 16 миллион теңгеден астам сомаға марапатталған. 2022 жылдың аяғында Екібастұз пайдалану локомотив депосының техникалық қызмет көрсету пунктінің аға бригадирі Алмас Гимадиев отбасымен шетелге туристік жолдама иегері атанған.
Ұлттық компанияда «Адам факторының» әсерін шектейтін техникалық шаралардан басқа барлық деңгейдегі басшыларды да, өндірістік персоналды да қауіпсіздік техникасы бойынша оқыту мәселелеріне көп көңіл бөлініп отыр. 2022 жылы заң талаптарынан тыс 529 адам сыртқы сарапшылардан NEBOSH, IOSH, DEFENSIVE DRIVING (қауіпсіз жүргізу) бағдарламалары мен курстары бойынша білім алған. Ал компанияның ішкі тренерлері 22 446 адамға ішкі өндірістік қауіпсіздік стандарттары бойынша тренинг өткізген.
Сұлугүл Бакесова
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
54
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
61
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы